«САРЫНДЫ САЗГЕР»

№4 кітапханасында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сарынды сазгер» атты әдеби кеш өткізілді.
«САРЫНДЫ САЗГЕР»

№4 кітапханасында «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатырдың шығармаларын насихаттау мақсатында «Сарынды сазгер» атты әдеби кеш өткізілді.
«ПОЭЗИЯ – СЕЗІМ ПАТШАЛЫҒЫ»

М.Шолохов атындағы кітапханасында ақындардың жыр шумақтарын насихаттау мақсатында «Поэзия – сезім патшалығы» атты тақырыптық қарау өткізілді.
«БІР ӨЗІНДЕ БАР ӨНЕРІ ҚАЗАҚТЫҢ»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы халық жазушысы С.Жүнісовтың «Ақан сері» романына 50 жыл толуына орай «Бір өзінде бар өнері қазақтың» атты әдеби кеш өткізді
«НАУРЫЗ СӘН-САЛТАНАТ, ҰЛТТЫҚ РУХ»

Мереке қарсаңында Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханар жүйесіне қарасты М.Әуезов атындағы кітапханасында «Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух» тақырыбымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс –шара барысында ұлт пен ұлыстың ортақ сағынып көрісетін мерекесі туралы қызықты ақпараттар берілді.
Кітапхана жанынан кітап әуесқойларының өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатындағы зейнеткерлермен құрылған «Очаг» клубы мүшелері түркі тілдес халықтардың ортақ жаңа жылы – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінің білімгерлері қазақтың «Қыз көрсету» салтынан көрініс көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері қонақжай қазақ халқының дәстүрімен мерекелік дастархан жайып, ұлттық тағамдардың тарихымен таныстырды.
«ЖАРҚЫРА, ЖАЙНА – НАУРЫЗЫМ»


Абай атындағы орталық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Жарқыра, жайна – Наурызым» атты этнографиялық кеш өткізілді. Кітапхана оқырмандарына Наурыз мерекесінің маңыздылығы туралы түсініктер беріліп, қазақ халқының ең маңызды ғұрыптарының бірі – тұсау кесу рәсімі өткізілді. Сонымен бірге, оқырмандар арасында асық ойнатылып, қол күрестен жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Кітапхана қызметкерлері «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты кітабына библоиографиялық шолу жасалды.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ЗАМАН»

№7 кітапханасында «Жастар кітап әлемінде» жобасы аясында «Жастар және заман» атты пікірталас өткізілді
«РИЗАШЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ»

М.Әуезов атындағы кітапханасында 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты этнос өкілімен сұхбат өткізілді.
«ТӘТТІ ТҮСТЕР КӨРЕМІН ТАҢДА КІЛЕҢ»

М.Әуезов атындағы кітапханасында «Ел болып оқимыз» облыстық акциясы аясында «Тәтті түстер көремін таңда кілең» атты дауыстап оқу өткізілді.
«МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАБЫМ»

№5 кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты көрме-кеңес өткізілді.
«ГҮЛ ЕКСЕҢ ТЕРЛЕП, ОНЫҢ АТЫ ЕҢБЕК»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында «Гүл ексең терлеп, оның аты еңбек» атты бейнеслайд өткізілді.