«АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР»

«АДАСТЫРУШЫ ДІНИ АҒЫМДАР»

Абай атындағы орталық кітапханасында оқырмандардың дін туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Адастырушы діни ағымдар» атты пікір алмасу өткізілді.

«ТАБИҒАТ АЛТЫН БЕСІК»

«ТАБИҒАТ АЛТЫН БЕСІК»

№7 кітапханасы оқырмандардың «табиғат», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында «Табиғат алтын бесік» атты тақырыптық сөре өткізді.

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС!»

«ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС!»

1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай Абай атындағы орталық кітапханасында өткізілген «Қазақ халқына мың алғыс!» атты кездесу кешінде Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің» қызмет алушылары Ольга Христофоровна Цой және Инна Николаевна Герасименко, ҚР Ұлттық Ұланы 5513 әскери бөлімінің 1 бөлімше сарбаз атқышы Дәулет Бөлегенұлы Қасенов қатысып, татулық пен бірліктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың жарқын мерекесі екендігі айтылып, бұл күн бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына, достығы мен сыйластығының артуына негіз болатыны баяндалды.

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ»

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ»

№5 кітапханасында 1 наурыз «Алғыс айту» күніне орай «Алғыс айту — парызым» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің мамандары Досыбаева Валентина Николаевна, Шілдебаева Жазира Мейрамбекқызы, «Тараз-Болашақ» медициналық орталығының медбикесі Дәрібаева Күлшат Сапашқызы қатысып, елімізде түрлі этнос өкілдері аралас-құралас, тату өмір сүріп жатқандығы туралы, елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіретін күн екендігі туралы, мерекенің мән-мағынасы туралы әңгіме өрбітті. Тақырыпқа байланысты «Алғыс айту парызым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

 

«АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ!»

«АЛҒЫС АЙТУ – ПАРЫЗЫМ!»

№4 кітапханасында Алғыс айту күніне орай оқырмандарға осы мерекенің тарихы мен маңыздылығы туралы ақпараттар беру мақсатында «Алғыс айту – парызым!» атты ақпараттық шолу өткізілді.

«КЕУДЕСІ ШЫН АҚЫННЫҢ КҮЙ САРАЙЫ»

«КЕУДЕСІ ШЫН АҚЫННЫҢ КҮЙ САРАЙЫ»

М. Әуезов атындағы орталық кітапханасында ақын Әбділда Тәжібаев өмірі мен шығармашылығына қатысты тың деректермен таныстыру мақсатында «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» атты әдеби салон өткізілді.

«ӨР РУХТЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ»

«ӨР РУХТЫҢ МҰРАГЕРЛЕРІ»

№5 кітапханасында ауған соғысы жылдарындағы ер жүрек батырларымыздың ерлігі туралы мәлімет беру мақсатында «Өр рухтың мұрагерлері» атты тарихи сағат өткізілді.

«БІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ –КІТАП»

«БІЛІМНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ –КІТАП»

№4 кітапханасы «Жастар кітап әлемінде» жобасы аясында оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Білімнің қайнар көзі –кітап» атты ақпараттық шолу өткізді.