«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН»

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқырмандарға ұлтжандылыққа баулу мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» атты библиошолу өткізілді.

«ЖИТС (СПИД) 21 ҒАСЫР ДЕРТІ»

«ЖИТС (СПИД) 21 ҒАСЫР ДЕРТІ»

 

 

М.Әуезов кіатпханасында оқырмандарға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін түсіндіру мақсатында «ЖИТС (СПИД) 21 ғасыр дерті» атты дәрігер кеңесі өткізілді.

«МЕН ЕЛІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН…»

«МЕН ЕЛІМДІ ЖЫРЛАЙМЫН…»

 

М. Шолохов атындағы кітапханасы «Анаға тағзым» орталығымен бірлескен «Кітап және отбасы» жобасы аясында, өз отанын сүйетін, елін, жерін, тілін құрметтейтін тұлға қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Мен елімді жырлаймын…» атты қазақ ақындарының өлеңдерінен шығармашылық кеш өткізді.

«ХАС ТАЛАНТ ИЕСІ»

«ХАС ТАЛАНТ ИЕСІ»

Абай атындағы орталық кітапханасында оқырмандарды атақты әнші, актер әрі музыкант Ә.Қашаубаевтың шығармашылығымен таныстыру мақсатында «Хас талант иесі» атты шығармашылық портрет ұйымдастырылды.

«БАЛА ДЕП СОҚҚАН БАУЫРМАЛ ЖҮРЕК»

«БАЛА ДЕП СОҚҚАН БАУЫРМАЛ ЖҮРЕК»

 

Балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаев туралы оқырмандардың білімдерін кеңейту, балаларға арналған шығармаларын насихаттау мақсатында №5 кітапханасында «Бала деп соққан бауырмал жүрек» атты дауыстап оқу өткізілді.