«СПОРТ – ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТАТЫН ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС»

«СПОРТ – ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТАТЫН ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС»

Оқырмандарға спорт туралы ақпарат бере отырып, еліміздің мақтан тұтатын спортшыларының жетістіктерімен таныстыру мақсатында Абай атындағы орталық кітапханасында «Спорт – ел абыройын асқақтататын ерекше құбылыс» атты бейнешолу ұйымдастырылды.

 

«ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ ӘКІМІ»

«ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ ӘКІМІ»

 

«Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында жергілікті ақын Әкім Таразидың шығармаларын насихаттау мақсатында №6 кітапханасында «Әдебиетіміздің әкімі» атты көрме ақпарат өткізілді.

«СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

«СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

«Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында кітап оқуды ілгерілету, кітапхананың жас оқырмандарының ой-өрісін кеңейтіп, сурет салу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында №6 кітапханасында «Сен білесің бе?» атты киногид ұйымдастырылды.

«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ»

«ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ»

 

№1 Қалалық балалар ауруханасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, жеке бас гигиенасын сақтауды, дұрыс тамақтануды насихаттау мақсатында №4 кітапхана «Дені саудың – жаны сау» атты ақпарат минутын ұйымдастырды.

«СПОРТ – БАҚЫТҚА БАСТАР ЖОЛ»

«Спорт – бақытқа бастар жол»

 

Оқырмандарға спорт туралы пайдалы кеңес бере отырып, салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу мақсатында №5 кітапханасында «Спорт – бақытқа бастар жол» атты пайдалы кеңес өткізілді.

«Қазақ әдебиетіндегі әйел образы»

«Қазақ әдебиетіндегі әйел образы»

Қазақ әдебиетіндегі әйел психологиясы мен оның нәзік болмысы суреттелген шығармаларды насихаттау мақсатында №6 кітапханасында « Қазақ әдебиетіндегі әйел образы» атты әйелдер романының салоны өткізілді.

Адамзаттың шамшырағы -Абай

«Адамзаттың шамшырағы – Абай»

10 тамыз – «Абай күніне» орай Жамбыл облысы прокуратурасының қызметкерлері арасында өткізілген «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқауға Абай атындағы орталық кітапханасы «Адамзаттың шамшырағы – Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, ақын шығармаларына библиографиялық шолу жасады.

«Адамзаттың шамшырағы – Абай»

 

«Адамзаттың шамшырағы – Абай»

Абай атындағы орталық кітапханасында 10 тамыз – «Абай күніне» орай Жамбыл облыстык арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсету балалар орталығының білім алушыларына «Адамзаттың шамшырағы – Абай» атты кітап көрмесі ұсынылып, кітапханалық саяхат ұйымдастырылды.

«Абайды оқы таңырқа»

«Абайды оқы таңырқа»

Абай атындағы орталық кітапханасында ұлт руханиятының темірқазығы, Абай Құнанбайұлының туған күніне орай 5513 әскери бөлім сарбаздарымен «Абайды оқы, таңырқа» атты дауыстап оқу өткізілді. Іс-шарада кітапхана оқырмандары және әскери бөлім сарбаздары ақынның өлеңдерін, қара сөздерінен үзінділер оқыды. Кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығына арналған «Адамзаттың шамшырағы-Абай» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, библиографиялық шолу жасады.

 

 

Ел келешегінің жарқын болашағы

«Ел келешегінің жарқын болашағы»

№6 кітапханасында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай оқырмандарға ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, кітап оқуға шақыру мақсатында «Ел келешегінің жарқын болашағы» атты ой бөлісу өткізілді. Іс-шараға Тараз инновациялық колледжінің тарих пәнінің мүғалімі, әдіскер маман Жүнісов Айдос, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгері Намелбек Азамат Намелбекұлы және де кітапхананың тұрақты оқырмандары мен білімгерлер қатысты.Іс-шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы-жастардың еншісінде екендігі, сапалы білім мен саналы тәрбие алу — жастардың басты міндеті екендігін, әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылатындығы туралы ойларымен бөлісті. «Жастар — ертеңгі болашақтың іргетасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.