
«Қазақ спортының қалыптасу тарихы»
М. Шолохов атындағы кітапханасында 19 тамыз – спорт күніне орай жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында «Қазақ спортының қалыптасу тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Қазақ спортының қалыптасу тарихы»
М. Шолохов атындағы кітапханасында 19 тамыз – спорт күніне орай жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында «Қазақ спортының қалыптасу тарихы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

«Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М.Әуезов атындағы кітапханасы «Жастар — кітап әлемінде» Жобасы аясында 12 тамыз Халықаралық Жастар күнін мерекелеу мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Қалиев Сауран Қалиұлымен «Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар» атты сыр сұхбат өткізді. Кеш қонағы әрбір елдің ертеңі – жастар екендігі, сол себепті жастар саясаты деген ұғым қалыптасып, жастар мен жас мамандарға жан-жақты қолдаулар көрсетіліп жатқандығы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қаламыздың жастар саясатын жүзеге асыруда аса маңызды орталықтарының бірі – Жастар ресурстық орталығы туралы, бойларында отанға деген сүйіспеншілігі бар, көзқарасы мен пікірі қалыптасқан, білімді азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген кітапханалар туралы, еліміздің керегесі берік, шаңырағы мәңгі болуы үшін қанатын қомдап, туған жерінде еселі еңбек етіп келе жатқан жастар қауымы туралы ойларымен бөлісті. Оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жастарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, әдебиеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жастар бүгін және ертең» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалынды.

Абай атындағы орталық кітапханасында атбегілік ата кәсіп екенін дәлелдеу, қазіргі кездегі атбегіліктің жағдайы туралы ақпарат беру мақсатында «Қазақтың атбегілік өнері» атты ақпараттық шолу өткізілді.

№5 кітапханасында «Ақ халатты абзал жандар» атты мамандар күні өткізілді.

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Ойлана ойнайық» атты ойын-саяхат өткізді.

№5 кітапханасында оқырмандардың табиғатты қорғау, экологиялық түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Экология және қоршаған орта» атты қызықты хабарлама сағаты өткізілді.
«ДЕМАЛЫСТА ОҚИ ЖҮР»

«КІТАП ГАЛАКТИКАСЫНА САЯХАТ: «БІЛІМ БЕРУ» ҒАЛАМШАРЫ»

М.Әуезов атындағы кітапханасында балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, №31 және № 13 орта мектеп жанынан ұйымдастырылған жазғы балалар лагерінің 3-4 сынып демалушыларының қатысуымен «Кітап галактикасына саяхат: «Білім беру» ғаламшары» атты ғылыми ассорти өткізілді.
«ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ»

№5 кітапханасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты библиотерапия өткізілді.

Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер — ел мәртебесі» атты акциясы аясында кітапхана қызметкерлері қоғамдық көліктерде жолаушыларға Мемлекеттік рәміздер туралы ақпараттар беру мақсатында викториналық сұрақтар ұйымдастырды.