
№6 кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлт дамуының рухани өлшемі» атты оқырман конференциясы өткізілді.

№6 кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлт дамуының рухани өлшемі» атты оқырман конференциясы өткізілді.

№5 кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл тұмар – бір шынар» атты дөңгелек үстел өткізілді.

№5 кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл мерейі – ел мерейі» атты ақпарат сағаты өткізілді.

№4 кітапханасында 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – халықтың жүрегі, ар намысы» атты тіл сағаты өткізілді

Б. Момышұлы атындағы №45гимназиясында «Мектебім – мейірім мекені» атты «Алғашқы қоңырау» мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиында Абай атындағы орталық кітапханасы «Кітап асыл қазына» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттермен таныстырды.

Еліміздің кен игеру саласындағы абыройлы істерін насихаттау, кітап қорымен таныстыру мақсатында «Киелі өлкеміздің кілті біздің қолымызда» жобасы аясында М. Әуезов кітапханасы «Мұнай – газ өндірісінің әлемдегі орны» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
«Ұлттық салт-дәстүр-халқымыздың рухани өзегі»
М.Шолохов атындағы кітапханасы қала тұрғындарының демалыс уақытын тиімді пайдалану, кітапханаға оқырман тарту, рухани және мәдени азық- салт дәстүр туралы ақпараттар беру мақсатында «Ұлттық салт-дәстүр-халқымыздың рухани өзегі» атты көрме-ақпарат ұйымдастырды. Қала тұрғындарына халқымыздың қасиетті салт — дәстүрі, өнегелі әдет — ғұрыптары, ырым — тыйымдары туралы ақпараттар мен әдебиеттер ұсынылды.
«СПОРТ – ЕЛ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТАТЫН ЕРЕКШЕ ҚҰБЫЛЫС»

Оқырмандарға спорт туралы ақпарат бере отырып, еліміздің мақтан тұтатын спортшыларының жетістіктерімен таныстыру мақсатында Абай атындағы орталық кітапханасында «Спорт – ел абыройын асқақтататын ерекше құбылыс» атты бейнешолу ұйымдастырылды.
«ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ ӘКІМІ»

«Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында жергілікті ақын Әкім Таразидың шығармаларын насихаттау мақсатында №6 кітапханасында «Әдебиетіміздің әкімі» атты көрме ақпарат өткізілді.
«СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?»

«Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында кітап оқуды ілгерілету, кітапхананың жас оқырмандарының ой-өрісін кеңейтіп, сурет салу арқылы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру мақсатында №6 кітапханасында «Сен білесің бе?» атты киногид ұйымдастырылды.