№4 кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өз елінің елеулі азаматы болу мақсатында «Жауынгер менің қорғаушым» атты ақпараттық шолу өткізілді.

№4 кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өз елінің елеулі азаматы болу мақсатында «Жауынгер менің қорғаушым» атты ақпараттық шолу өткізілді.

№6 кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлерінің ерен ерліктерін еске алу мақсатында «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» атты көрме естелік ұсынылды.

М. Шолохов атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай оқырмандардың ұлттық патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Мен қазақпын, ұланымын елімнің!» атты ерлік алаңы өткізілді.

Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай жас ұрпақты Отанды сүюге, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында «Қарулы күштер – ел қорғаны» атты ерлік минуты өткізілді.

М. Әуезов атындағы кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай еліміздің тыныштығын күзетіп жүрген ұландардың еңбегін бағалау мақсатында «Әскер – әліміз, армия — абыройымыз» атты мерекелік кеш өткізілді.
Абай атындағы орталық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу мақсатында «Әскер – мәңгілік ел тірегі» атты кездесу кеші өткізілді.

№5 кітапханасында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Кітап оқы, талқыла, суретте» жобасы аясында тарихымызды тереңнен тануға, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету мақсатында «Ешкім ешқашан ұмытылмайды» атты ақпарат сағаты өткізілді.

№6 кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Даңқты ерлік пен ар-намыс күні» атты көрме кеңес ұсынылды.

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасында тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны туралы түсінік беру мақсатында «Қуатты армия – мемлекет қалқаны» атты патриоттық сағаты өткізілді.

№6 кітапханасында оқырмандарға «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттау мақсатында «Болашаққа бағдар – ел бағдары» тақырыбында слайд-шолу ұйымдастырылды.
