М. Әуезов атындағы кітапханасында қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ қалыптастыру мақсатында «Ұлттық тәлім-тәрбие – мәдени мұрамыз» атты дайджест ұйымдастырылды.

М. Әуезов атындағы кітапханасында қазіргі дамыған дәуірде озық қоғамға ілесе алатын ұрпақ қалыптастыру мақсатында «Ұлттық тәлім-тәрбие – мәдени мұрамыз» атты дайджест ұйымдастырылды.

№6 кітапханасында өскелең ұрпаққа латын әліпбиінің маңыздылығын айқындау мақсатында «Латын қарпіне көшу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Абай атындағы кітапханасында әйгілі түрколог, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековтың туғанына 85 жыл толуына орай «Тәуелсіз елдің заңғар тұлғасы» атты библиография күні өткізілді.

М. Әуезов атындағы кітапханада әнші, Қазақстанның халық артисі Зейнеп Қойшыбаеваның туғанына 85 жыл толуына орай әншінің өмір жолымен таныстыру мақсатында «Күмістей сыңғырлаған әсем дауыс» атты ауызша журнал өткізілді.

Абай атындағы орталық кітапханада оқырмандардың Тараз қаласы туралы түсініктерін молайту мақсатында «Тарихы мәңгілік — Тараз» атты дайджест өткізілді.

№6 кітапханада ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлға қалыптастыру мақсатында «Ұлттық тәрбие ұлт болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.


Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында «1-наурыз – алғыс айту күніне» орай өзге ұлт өкілдерінің қазақ жұртына деген ыстық ықыласына құрмет көрсету, Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру мақсатында «Алғыс айту — парызым» атты достық аллеясы өткізілді. Іс-шараға неміс ұлт өкілі -Хачианиди Нэлли Борисовна, орыс ұлт өкілі – Чекалина Людмила Ивановна, Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің түрік, өзбек, татар, қырғыз ұлтты білімгерлері қатысты.

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында «1-наурыз – алғыс айту күніне» орай «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж білімгерлерімен ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру мақсатында «Өмірге риза болып алғыс айт» атты сырласу өткізілді.
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай ұлтымыздың рухани көсемінің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінің, аға оқытушыларының қатысуымен «Тұңғыш әдебиет теоретигі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Ғ. Мұратбаев атындағы кітапханасында кітапханасында қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай оқырмандарға шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру мақсатында №35 орта мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Сөз өнерінің ғылымы» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
