«Заманай мен Аманай»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасы қазақтың халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау мақсатында «Заманай мен Аманай» романына 35 жыл толуына орай кітап бенефисі өткізілді.

 

«Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасы оқырмандарға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында «Кітап және отбасы» жобасы аясында «Анаға тағзым» орталығында «Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі» атты салт-дәстүр сағатын өткізді.

«Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Шолохов атындағы кітапханасында еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, кітапхана оқырмандарын Отанын қастерлеуге, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Жастар – кітап әлемінде» атты жобасы аясында «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соққан жүрегім» атты әдеби кеш өткізілді.

«Сен білесің бе?»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасын түсіндіру мақсатында «Сен білесің бе?» атты киногид өткізілді.

«Жаңа жолдау – халықтың қолдауында»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасында Қазақстан Республикасы Президенті Қ. К. Тоқаевтың кезекті жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа жолдау – халықтың қолдауында» атты оқырмандарға экспресс көрме ұсынылды.

«Ана тілім – ажарым, асыл мұрам»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №6 кітапханасында «21 – ақпан – Халықаралық ана тілі күніне» орай ана тілінің көркемдігін сезіну, құдіретін түсіну, адам өміріндегі маңызын ұғыну мақсатында «Ана тілім – ажарым, асыл мұрам» атты поэзия кеші өткізілді.

«Балалар әдебиетінің бағбаны»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын, жазушы Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Дарын» қызығушылық клуб мүшелерімен қаламгердің шығармаларын насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Балалар әдебиетінің бағбаны» атты әдеби кеш өткізілді.

«Білім көзі кітапта»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №4 кітапханасында кітапты құрметтеуге баулу, жас оқырмандардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру мақсатында «Білім көзі кітапта» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді.

 

«Тіл – достық дәнекері»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру мақсатында Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің «Педагогика және психология» факультетінің білімгерлерімен «Тіл – достық дәнекері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

«Әлеуметтік желі және біз»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М. Әуезов атындағы кітапханасының балалар бөлімінің ұйымдастыруымен ғаламторды дұрыс пайдалануды, пайдасы мен зияны туралы түсінік беру мақсатында №13 орта мектебінің 4-сынып оқушыларымен «Әлеуметтік желі және біз» атты интернет шолу өткізілді.