«БАТЫР БАУЫРЖАН ӘЛЕМІ»

Абай атындағы орталық кітапханасында оқырмандарға қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының ерліктері туралы насихаттау мақсатында «Батыр Бауыржан әлемі» атты бейне шолу өткізілді.

 

«ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛЕГЕНІ»

«ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛЕГЕНІ»

№ 5 кітапханасында оқырмандарға көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақтың Төлегені» атты әдеби портрет өткізілді.

«ТАБИҒАТТЫҢ ТЫЛСЫМ ТАРТУЛАРЫ»

«ТАБИҒАТТЫҢ ТЫЛСЫМ ТАРТУЛАРЫ»

М.Шолохов атындағы кітапханасында оқырмандарды туған жер табиғатымен таныстыру, табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу мақсатында «Табиғаттың тылсым тартулары» атты ақпарат күні өткізілді.

«КІТАПТАР СӨЙЛЕЙДІ»

«КІТАПТАР СӨЙЛЕЙДІ»

М.Шолохов атындағы кітапханасында «Кітап оқы, талқыла, суретте»Жобасы аясында оқырмандардың кітап деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітаптар сөйлейді» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ДАРА ТҰЛҒАСЫ»

Жалпақтөбе алабы кітапханасы «Бір ел – бір кітап»Республикалық акциясы аясында Қазақстан Республикасының Гимн авторы, ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» атты дөңгелек үстел өткізді.

«ЖЫРДЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ»

Ғ.Мұратбаев атындағы кітапханасы Қазақстанның халық жазушысы, аса көрнекті ақын Тұманбай Молдағалиевтің туғанына -90 жыл толуына орай «Жырдың жарық жұлдызы» атты дауыстап оқу өткізді.

 

«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

 

«БАЛҒЫН ҰРПАҚ — БАҚЫТЫМ»

№6 кітапханасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Филиология және журналистика» кафедрасының білімгерлерімен белгілі балалар жазушысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жуалы аудандық «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Марат Құлибайұлымен «Балғын ұрпақ — бақытым» атты кездесу кеші өтті. Оқырмандар назарына жазушының өмір жолы мен шығармашылығы таныстырылып, «Қаламгер-руханият шырақшысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалынды. Кешке қатысқан Жамбыл облыстық маслихат депутаты, ақпарат саласының үздігі, журналист Оралхан Дәуіт, жазушы Бахытжан Советұлы қаламгердің өңірдің ақпарат саласының дамуына үлес қосып еңбек етіп келе жатқаны жайында сыр шертіп, балаларға арнап жазылған кітаптары туралы жылы лебіздерін білдірді. Қаламгер оқырмандарға өзінің балалық,шағындағы қызықтары мен шығармашылық жолдары туралы әңгімелеп, қойылған сауалдарға тұщымды жауаптарын берді. Қаламгердің «Кішкентай азамат», «Кішкентай Маша», «Алғашқы қоңырау» шығармаларынан көріністер көрсетіліп, әндер орындалды.

 

«АЛҒЫС АЙТУ- ПАРЫЗЫМ»

«АЛҒЫС АЙТУ- ПАРЫЗЫМ»

№ 6 кітапханасында оқырмандарға ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру,бір – бірімен үйлесімді қарым –қатынас жасай білуге үйрету мақсатында «Алғыс айту- парызым» атты кездесу кеші өткізілді.

 

«АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ»

«АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ»

№ 5 кітапханасында 1 наурыз –Алғыс айту күніне орай, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні екені, мейірімділіктің адамдардың бір-біріне деген сыйластығының белгісі болып есептелетіні жайлы айтып өту мақсатында «Алғысым шексіз» атты сазды кеш өткізілді.