Күләш Ахметованің — 80 жылдығы (1946-2025)

    Ақынжурналистаудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.

Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Күләш Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.

Ақынның «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ — жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бірнеше буын оқырмандардың жүрегінде із қалдырған.

Әлихан Бөкейхановтың — туғанына 160 жыл (1866-1937)

Дала өркениетін зерттеген дара тұлға. Көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов қазақтың дәстүрлі халық шаруашылығын жүйелі зерделеген тұңғыш экономист-ғалым.

Ұлт көсемі, Алаш қозғалысының  жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы  Әлихан Бөкейханов  бүкіл саналы ғұмырын өз ұлтының мүддесіне  қызмет жасауға арнаған  тұлға.

1906 жылы Мемлекеттік Думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланған ол   жоғары экономикалық білім алған  тұңғыш қазақ.

Қайрат Рысқұлбековтің — туғанына 60 жыл (1966-1988)

 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің белсенді қатысушысы, Халық Қаһарманы.

Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Қайрат Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

Батырлық — бір күннің ісі емес. Ерлік қай кезде де ескірмейді. Ерлікті ешкім атын шығару үшін жасамайды. Сын сағатта Отанды қорғау, рухыңды түсірмеу жолында жасалады. Уақытында сондай қадамға барған

Еліміздің тәуелсіздігі жолында ерлікпен қаза тапқан  Қайрат Рысқұлбековтің есімі халқымыздың жадында мәңгі сақталып, Ұлы даланың ұлы тұлғасы ретінде тарихтан лайықты орнын алады.

Жамбыл Жабаевтің — туғанына 180 жыл (1846-1945)

Жамбыл — ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын. Ол өзінен кейінгі әр ұрпақтың ат басын арнайы бұрып, шөліркегенде тұнық жырларынан сусындар тұма бұлағы.

Жыр алыбы Жамбылдың асқақ жыр­лары бүгінде дәуір үніндей жаңғырығып, ақын есімін асқақтатып келеді.

Айтыс өнерінің біртума ақтаңгері.

ХХ ғасырдағы халық ақындарына Жамбылдың әсері ерекше болғаны анық. Оның есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген. Жыр алыбының үздік шығармалары 40-тан  астам тілге аударылған.

Мұқағали Мақатаевтың — туғанына 95 жыл (1931-1976)

   Қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас — қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.

Алғашқы өлеңдерін он-он бір жасынан бастап жаза бастаған.       Қаламгер көптеген тақырыптарға қалам сермеген ақиық ақындардың біріне айналды. Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. Қаламгердің өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.

Қаламгердің әр өлеңі өзінің мағынасымен, шынайылығымен, тазалығымен оқырманын өзіне баурап алады және ой салады.

Ақынның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі тағы басқа тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Мұқағали Мақатаев — өмірінің соңына дейін қолынан жүйрік қаламы түспеген, қазақтың қара өлеңінің құдіретіне, терең сырына қаныққан ақын.

Қаламгер мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді.

Медеу Сәрсекенің — туғанына 90 жыл (1936-2024)

Қазақ және кеңес жазушысы, драматург, публицист, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Қазақ әдебиетінде ғылыми-қиял жанрының өрістеуіне айрықша үлес қосқан қаламгер.

Қаламгер төл әдебиетте өндіріс тақырыбының жаңа белеске көтерілуіне де айрықша үлес қосты.

1959-1965 жылдары «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі»,  «От және атом» және «Жетінші толқын» атты ғылыми-фантастикалық хикаяттары жарық көріп, жазушының соңғы шығармасы 1964 жылдан беріде мол таралыммен бірнеше мәрте басылып, 100 мың дана таралыммен орыс тілінде жарияланып, күллі Одаққа мәлім болды.

Қаламгер драма жанрымен де шұғылданған. Оның ұшқыр қаламынан 1968 жылдан беріде 7 драма туған.

Қаламгерді күллі Одаққа танытқан басты шығармасы — «Сәтбаев».

Тұңғыш қазақ академигі Қаныш Сәтбаевтың ірі тақырыбы оның әдеби өмірбаянында басты болып табылады.

1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 1986 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.

 

Бауыржан Момышұлының — туғанына 115 жыл (1910-1982).

Аты аңызға айналған жауынгер-панфиловшы, қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алған атақты қолбасшы, әскери ағартушы, әскери жазушы, әскери философ және ойшыл. Момышұлының әскери өмірбаянында Мәскеу шайқасы ерекше орын алады. Бірақ оның басқа да көптеген ерліктері бар. Көптеген авторлар Бауыржан Момышұлының даңқты әскери жолын өз шығармаларында суреттеген. Өмірінің екінші бөлігін әдеби еңбекке арнап, белгілі жазушы болды. Оның барлық шығармалары халық туралы ойлардан туындаған, олар нақты оқиғалар мен әскери әрекеттерді сипаттайды. Оның кітаптары «Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары», «Соғыс психологиясы», «Біздің отбасы» және басқалары бірнеше рет қайталанып, әлемнің көптеген халықтарының тілдеріне аударылған. Б.Момышұлы әскери істің теориясы мен тәжірибесін, әскери педагогика мен психологияны байыта түсетін баға жетпес мұра қалдырды.

Елен Әбдуатұлы Әлімжан — 80 жаста (1945).

Журналист, жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі. Шығармашылық қызметін 1964 жылы «Ән сыры» әңгімесі шағын жинақта жарияланған кезде бастады. Содан бері шебердің қаламынан көптеген қазақстандықтарға таныс көптеген туындылар шықты.

Шығармашылықпен қатар, қаламгер көптеген қоғамдық жұмыстармен айналысады, қала халқымен жүздеседі, әдеби шараларға қатысады. Кезінде облыстық телевидениеге Қазақстан тарихынан лекциялар топтамасымен шықты. (Знамя труда).

 

Мекемтас Мырзахметұлының — 95 жылдығы (1930-2025)

Көрнекті филолог ғалым 50 жылдан астам қазақ әдебиетін зерттеп, оның елге, әлемге танылуына өз үлесін қосқан. Абайтанушы, Бауыржантанушы, профессор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, М. Әуезов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Оның ғылыми және публицистикалық еңбектері заманымыздың көптеген мәселелерін қамтығанымен, зерттеуінің негізгі бағыты Абай, Мұхтар Әуезов, Бауыржан Момышұлы шығармаларын талдауға арналған.

Шырын Мамасерікова — 80 жаста (1945).

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шығармашылығымен қазақ поэзиясында елеулі із қалдырып үлгерген ол шетсіз-шексіз даланың, биік таулардың, бұралған Аспара өзенінің жанды суреттерін бейнелейтін орынды сөздермен жаңа поэтикалық беттер жазуды жалғастыруда. Шырын Мамасерікова — көк шөптің үнсіздігін түсінетін, жапырақтың сазын еститін, тіпті жұлдыздар да сыр бөлісетін ақын. Ақын қызға ақылдың қырағылығы, көрегендігі, жазу шеберлігі тән. Оның кейіпкерлері тек қиялдың туындысы емес, әйгілі адамдар бейнелерінің тұтас галереясы. (Исаева А.)