Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. ҚХА-ның негізгі міндеті — мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттің және қоғамның азаматтық институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру.
Ілияс Есенберлиннің — туғанына 110 жыл (1915-1983).
Қазақтың ұлы жазушысы, қазақтың тұңғыш және ірі тарихи романшысы, «Көшпенділер» тарихи трилогиясының авторы. Қазақтың көшпелі мәдениеті Ілияс Есенберлиннің шығармаларынан әлемге танылды. Олар халықтың тарихи жадын қалыптастыруға үлес қосты. Жазушының шығармашылығын замандастары да зерттеуді жалғастыруда.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің (Қадыр Мырза Әлі) — туғанына 90 жыл (1935-2011).
Әдеби лақап аты Қадыр Мырза Әлимен танымал қазақ ақын-лиригі көптеген елдерге танымал аудармашы және балалар өлеңдерінің авторы. Ұзақ жылын журналистикаға арнаған ол еліміздегі әдеби үдерістерді ұйымдастырушылардың бірі, қоғам қайраткері болды. Қадыр Мырза Әли шығармашылығы Қазақстанның ұлттық қазынасына айналды.
Мұхаммед Хайдар Дулаттың туғанына 525 жыл (1499–1551).
М.Х. Дулат – көрнекті мемлекет қайраткері, қазақтың тұңғыш тарихшысы, философы, әдебиетші, ғұлама ақын, дипломат, әскери қолбасшы және ол қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі – ұлы ойшыл ғалым. Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы.
Балуан Шолақтың (Нұрмағанбет Баймырзаұлы) туғанына 160 жыл (1864-1919).
Қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді.
Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл (1894–1938).
Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында дүниеге келген. Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасынның мемлекет қайраткері және жазушы. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн сом салық төлеттірді.
Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл (1894-1938).
XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, халықтың бастан кешірген қиындықтарын, әлеуметтік өмірдің шынайылығын көрсетті. Өзінің өлеңдерінде қазақ халқының өміріндегі маңызды оқиғалар, қоғамның зәру мәселелері көтеріледі. Өлеңдерінде кедейлердің мұң-зарын ашық көрсетіп, әділетсіздікті сынады.
Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (1924-1991).
Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар жазушысы. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивалінде «Менің атым Қожа» фильмі арнаулы жүлдеге ие болды.
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл (1924-2022).
Әбдіжәміл Нұрпейісов – XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын шығармалардың бірі Әбдіжәміл Нұрпейісовке тиесілі. Оның «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты тілге аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілерінің үздік бағасына ие болды.
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл (1894-1938).
Сәкен Сейфуллин – қазіргі қазақ әдебиетінің негізін құраушы, ақын және жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері. Қазақстан жазушылар одағының негізін қалаушы.
Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында бірқатар еңбек жазды. Оның публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі зор.