Дүйсенбин П. Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері

    Жазушылық өте терең білімді, өмірлік мол тәжірибені, уақыттың құрбандығы мен жанқиярлық еңбекті, ар мен адалдықты, өзіндік мінез бен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Талай жыл табан аудармай ұстаздық етіп, өскелең ұрпақпен өнегелі өмірі өзектес болған жазушы Пернебай Дүйсенбин үшін балауса бүлдіршіндерге арнап туынды жасау қаламгердің өзін де, оқырмандарын да рухани ләззатқа бөлейтін үйреншікті іс. Себебі, ол талантты қаламгер.

    Құрметті оқырмандар, сіздердің назарларыңызға Сарысудың самал желінен жанға қуат алған белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері, ауданның Құрметті азаматы, балаларға арналған Халықаралық «Дарабоз» байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы Пернебай Дүйсенбиннің 80 жасқа толуына орай «Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері» атты қиял-ғажайып ертегі — повестері енгізілген кітабын ұсынамыз!

    Дүйсенбин, П.   Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері [Мәтін] : қиял-ғажайып ертегілер / Пернебай Дүйсенбин. — Тараз: Формат-Принт, 2020. — 156 б.

    Жазушы Пернебай Дүйсенбиннің шағын жинағына оның соңғы жылдары жазған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері» және «Ғажайып домбыра» атты қиял-ғажайып ертегі — повестері, сондай — ақ прозалық және поэзиялық жанрда жазылған бір топ ертегілері енгізілген. Кітаптағы оқиғалар өте қызғылықты, тартысты, оқырмандарды еліктіріп отырады. Тілі де жеңіл, айшықты, оралымды жас өскелең, жас ұрпақтың талғам — таразысымен сәтті үйлесім, үндестік табады.