Ел келешегінің жарқын болашағы

«Ел келешегінің жарқын болашағы»

№6 кітапханасында 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай оқырмандарға ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру, жастарды мәдени құндылықтарға тарту, кітап оқуға шақыру мақсатында «Ел келешегінің жарқын болашағы» атты ой бөлісу өткізілді. Іс-шараға  Тараз инновациялық колледжінің тарих пәнінің мүғалімі, әдіскер маман Жүнісов Айдос, «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының білімгері Намелбек Азамат Намелбекұлы және де кітапхананың тұрақты оқырмандары мен білімгерлер қатысты.Іс-шарада еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы-жастардың еншісінде екендігі, сапалы білім мен саналы тәрбие алу — жастардың басты міндеті екендігін, әрі білімді, бәсекеге барынша қабілетті, сонымен қатар дені сау яғни салауатты өмір салтын ұстануы алғы шарт болып табылатындығы туралы ойларымен бөлісті. «Жастар — ертеңгі болашақтың іргетасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, таныстырылды.