«Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар»
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің М.Әуезов атындағы кітапханасы «Жастар — кітап әлемінде» Жобасы аясында 12 тамыз Халықаралық Жастар күнін мерекелеу мақсатында Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Қалиев Сауран Қалиұлымен «Еліміздің бүгіні мен ертеңі — жастар» атты сыр сұхбат өткізді. Кеш қонағы әрбір елдің ертеңі – жастар екендігі, сол себепті жастар саясаты деген ұғым қалыптасып, жастар мен жас мамандарға жан-жақты қолдаулар көрсетіліп жатқандығы туралы әңгімеледі. Сонымен қатар қаламыздың жастар саясатын жүзеге асыруда аса маңызды орталықтарының бірі – Жастар ресурстық орталығы туралы, бойларында отанға деген сүйіспеншілігі бар, көзқарасы мен пікірі қалыптасқан, білімді азаматтарды тәрбиелеуге өз үлесін қосып жүрген кітапханалар туралы, еліміздің керегесі берік, шаңырағы мәңгі болуы үшін қанатын қомдап, туған жерінде еселі еңбек етіп келе жатқан жастар қауымы туралы ойларымен бөлісті. Оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жастарды кітап оқуға тарту, көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын ояту, әдебиеттерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Жастар бүгін және ертең» атты кітап көрмесі таныстырылып, библиографиялық шолу жасалынды.