Ғайни Әлімбекқызы
Ғайни Әлімбекқызы 1960 жылы 9 маусымда туылған. Тараз қаласындағы № 17 орта мектебін бітірген. Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жаңасаз ауылында туылған. Жамбыл медициналық училщесінің «фельдшерлік», Жамбыл педагогикалық институтының «филология» факультетін тәмамдаған.
Радио, телевидение салаларының өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан қарымды қаламгер 2003 жылы «Қанатты әйел» республикалық байқауының арнайы номинациясымен марапатталса, 2009 жылы «Жылдың үздік радиотілшісі», араға бір жыл салып Қазақстан ұлттық арнасы 50 жылда тұңғыш өткізген республикалық журналистер байқауында «Қилы тағдырлар» радиобағдарламасы үшін бас жүлдені иемденеді.
Сан қырлы журналистиканың қазанында қайнаған Ғайни Әлімбекқызы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының редакторы ретінде телекөрермендерге «Айна», «Айша бибі», «Сағыныш», «Тараз төрінде» атты бағдарламалары үшін Қазақстан журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.