Қымбатты жас достар!
xa0xa0xa0xa0xa0 Бұл кітаптан сіздер өздеріңіздің ата-әжелеріңіздің балалық шағын арқау еткен әңгімелер мен хиқаяттарды оқи аласыздар. Жеткіншектер мен жасөспірімдердің әлемді ересектерше тануға тырысып, болашаққа жоспар құрулары жөнінде де әңгімелейді.
xa0xa0xa0 Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме? Ал қызық оқиғаларды тыңдаған ұнай ма? Ендеше, мен сендерге керемет бір кітап туралы айтамын! Бұл кітаптың аты — «Ғажайып шақ», оны Бейбіт Қойшыбаев деген жазушы жазған.
xa0 xa0 xa0 Қойшыбаев, Б. Ғажайып шақ [Мәтін] : балалар мен жасөспірімдер өмірінен жазылған әңгімелер, заманауи және фантастикалық хикаяттар / Бейбіт Қойшыбаев. — Алматы:
xa0Sardar G, 2024. — 264б.
xa0xa0 Бұл кітапта сендерге ұнайтын өте қызықты оқиғалар мен кейіпкерлер бар!
xa0 xa0Кітап оқығанда өзіңді орман ішінде, кең далада немесе әдемі көлдің жағасында жүргендей сезінесің. Мұнда достықтың, адалдықтың, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы керемет әңгімелер бар. Әр кейіпкердің басынан қызықты оқиғалар өтеді, ал сен оларды оқып, жаңа нәрселер үйренерсің. Кейде көңілді, кейде ойландыратын сәттері бар. Бірақ барлығы қызық! xa0