Кішкентай Мук

Келесі ұсынатын кітабымыз немістің танымал жазушысы Вильгельм Гауфтың «Кішкентай Мук» атты ертегісі.

     Гауф, В. Кішкентай Мук [Мәтін] : ертегі / Вильгельм Гауф. ; ауд. Т. Әукенова. — Астана : Фолиант, 2024. — 32 б. : сурет;

Қала балалардың мазағына айналған бақытсыз ергежейлі туралы оқиға. Ол тағдырдың ұшырайды: ешқандай іске икемі болмайды, жастайынан жетім қалады, тауыстарының зулымдығын көреді. Бұл-адамды сырт келбетіне немесе қоғамда алатын орнына қарап бөлуге болмайтынын үйрететін мағыналы ергтегі. Ертегінің сараңдықпен қызғаныштың алысқа апармайтының, жақсылықтың жамандықты жеңітінін еске салар тағылымы баларға сабақ болары сөзсіз.

Ертеде аласа бойлы, шағын денелі бір адам өмір сүріпті. Оның есімі Мукраһ болатын. Алайда ел оны Кішкентай Мук деп атаушы еді. Бойы бар болғаны үш футтай ғана болатын адамға осындай есім әбден лайық. Оның денесі шағын болғанымен, басы басқаларға қарағанда ерекше үлкен болатын. Мук үлкен үйде жалғыз өзі тұратын. Егер ай сайын белгілі бір күнде серуендеуге шықпаса, ешкім оның өлі-тірісін білмеуші еді. Оның көшеге шыққаны балалар үшін үлкен мереке болатын. Айына бір рет ашылатын есіктен әуелі үлкен сәлде ораған үлкен бас шығатын. Содан кейін өңі тозған шапан киген шағын денесі көрінетін. Содан кейін жалпақ белдік байлаған кең шалбарын да көруге болатын еді. Белдікте үлкен қанжар салбырап тұратын. Қанжардың үлкен болғаны сонша, Мук қанжар тағынып жүр ме, әлде қанжар Мукты көтеріп жүр ме, анықтау қиынға соғар еді. Сырт келбеті осындай Кішкентай Мук сыртқа аяқ басқан сәтте-ақ көше күлкі мен айқайға толып кететін. Біреулері қалпақтарын аспанға атып қуанса, басқалары оның айналасында билеп жүріп, әндететін:

 Кішкентай Мук, Кішкентай Мук,

 Жалғыз өзі тұрады.

 Бір ай бойы көрінбей,

 Тек бір күні шығады.

 Кіп-кішкентай денесі,

 Қазандай алып басы бар.

 Кішкентай Мук қанекей,

 Мықты болсаң ұстап ал!

 Кішкентай Мук балалардың мазағына тіпті де ренжімейтін. Аяғындағы үлкен сандалын сүйреткен күйі олардың жанынан күлімсіреп өте шығатын. Серуен аяқталғаннан кейін ол үйіне кіріп кететін  де, ол жерден бір ай бойы қарасын көрсетпейтін. Кішкентай Мухты елдер дәулетті деседі. Алайда, ол қашан көрсең де үстіндегі көне киімдерін тастамайтын.

 Не үшін олай екен? Ол туралы білгілерің келсе кітапты оқуға ұсынамыз.