Кішкентай лорд Фаунтлерой

Құрметті жас оқырмандар!

      Сіздердің назарларыңызға! Ағылшын жазушысы Фрэнсис Ходжсон Бёрнеттің жүрекке жылы «Кішкентай лорд Фаунтлерой» атта жасөспірімдерге арналған тәрбиелік мәні зор қызықты романын ұсынамыз.

     Роман тұңғыш рет 1886 жылы жарияланған болатын. Ағылшын-америкалық жазушының түптің түбінде мейірімділіктің үстемдік құратынына риясыз сенімі, өзіне тән ерекше шығармашылығы мен жазу стилінің арқасында, бір қарағанда қарапайым көрінетін шығарма жүз қырық жылға жуық уақыт бойы оқырманның жүрегінен орын алып келеді.

   Бернетт, Ф.Х. Кішкентай лорд Фаунтлерой [Мәтін] : роман / Фрэнсис Ходжсон Бернетт. ; ауд. Ж.Кенжеғұл ; сурет. Ян Райзер. — Астана: Фолиант, 2025. — 160 б.

 Бұл жинақта жазушының ең танымал аудармасы ұсынылған. Фрэнсис Бернётт шығармасының көпшілік ықыласына бөленуінің басты себебі — тақырыбының қарапайымдылығы мен әмбебаптығы екенін атап өткен жөн.

     Шығармада кішкентай лорд анасының тәрбиесінен аз уақытқа ажырап қалса да, еш мойымай, тәрбиелі де қамқор ата-ананың шексіз махаббатына бөленіп өскен, жас та болса өзгенің көңіл күйіне айрықша сезімтал қарайтын, өзінің бауырмалдылығымен, мейірімге толы пәк жүрегі мен өзгенің ниетін өзінікіндей көретін періште пейілімен қатал аристократ атасын сара жолға бағыттайды.

                                                                  Бірінші бөлім. Күтпеген жаңалық

                                                Екінші бөлім. Седриктің достары

                                           Үшінші бөлім. Қоштасу

                                              Төртінші бөлім. Англияда

                                                        Бесінші бөлім. Сарайда

                                                          Алтыншы бөлім. Граф пен немересі

                                                            Жетінші бөлім. Шіркеуде

Сегізінші бөлім. Фаунтлерой атқа мінуді үйренді

Тоғызыншы бөлім. Жұпыны лашықтар

Оныншы бөлім. Граф неге ашуланды?

Он бірінші бөлім. Америкадағылар алаңдаулы

Он екінші бөлім. Үміткерлер

Он үшінші бөлім. Дик көмекке дайын

Он төртінші бөлім. Әшкерелеу

  Он бесінші бөлім. Седрик сегіз жасқа толды

     Бұл туынды балаларға адамгершілік, шынайылық, қарапайымдылық пен мейірімді болудың маңызын үйретеді. Кішкентай Седриктің іс-әрекеті арқылы оқырман жақсылық жасаудың құдіретін сезінеді.

«Кішкентай лорд Фаунтлерой» — баланың жүрегімен үлкен жүректерді жұмсартуға болатынын дәлелдейтін тамаша кітап. Жас оқырмандарға рухани тәрбие беретін, ой саларлы, оқуға тұрарлық шығарма.

     Кітапханамызға келіп, осы тамаша туындымен танысып, рухани байыңыздар!

     Кітап — сіздің ақылшы досыңыз!