«КІТАП-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ»
Aulieata book республикалық кітап фестивалі
23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай Шоқан Уалиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Көне тараз» тарихи мәдени кешені, «Достық үйінде» ұйымдастырған «КІТАП-ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ» Aulieata book республикалық кітап фестивалінде Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, «Абай — дана, Абай — дара қазақта» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін, «Тор жорға» күйін, «Қазақ» биін орындап, Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқып, тақырыптық театрландырылған көрініс көрсетті.
Кітапхана оқырмандары №5 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушысы Әдия Әділахмет «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» атты , №24 мектеп гимназияның 9 сынып оқушысы Екатерина Корнилова «В тот час, когда сгущаясь тени» атты, ІТ лицейдің 10 сынып оқушысы Медина Мусин ««Эит степс» (Сегіз аяқ) атты өлеңдерін үш тілде мәнерлеп оқыды. Абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Рахат Саламатова ұлы ақын туралы ой бөлісті. Абайдың өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның еңбектері мен шығармалары, сондай-ақ ол туралы белгілі тұлғалардың мақалаларынан кең көлемде «Адамзаттың шамшырағы-Абай» атты кітап көрмесі, түрлі кітап инсталяциялары ұйымдастырылып, кітапхана қызметкерлері ойшылдың өнегелі өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттады.