Тараз қаласының Абай атындағы орталық кітапханасында «Оқы, ойлан, өс» тақырыбында кітап оқу акциясы өтті. Қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған шара жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және зияткерлік дамуға серпін беруге бағытталды.
Акция барысында қатысушылар кітап көрмесімен танысып, әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларды парақтап, өздерінің сүйікті кітаптары мен авторлары жайында ой бөлісті. Сонымен қатар кітап оқудың жеке тұлғаның қалыптасуына, сыни ойлау қабілетінің дамуына және дүниетанымының кеңеюіне әсері туралы мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды. Кітапхана мамандары заманауи әдебиеттер мен жаңа басылымдар туралы ақпарат ұсынып, жастарды тұрақты түрде кітап оқуға шақырды.
Шара аясында еркін форматтағы талқылау алаңы құрылып, қатысушылар арасында ашық диалог орнады. Жастар өзекті тақырыптарды қозғап, кітап оқу мәдениетін дамыту жолдары жөнінде ұсыныстар білдірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ұйымдастырушылар мен кітапхана қызметкерлері тарапынан нақты жауаптар берілді.
Кездесу барысында рухани-мәдени құндылықгарды насихаттау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру мәселелері де қамтылды. Шара жастардың белсенді қатысуымен өтіп, мазмұнды әрі әсерлі атмосфера қалыптастырды.
Дархан Байпақ,
Тараз каласы әкімдігінін ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстык орталығы»
КММ ұйымдастыру және жастар бастамаларын қолдау секторынын менгерушісі
Jambyl-Taraz. — 2026. — 27 ақпан (№16). — 7 б.