Көне Тараз
«Сахара шаһарлары» айдарымен оқырман қауым назарына ұсынылып отырған ежелгі қаланың бірі – Тараз. Тараздың тарихи-археологиялық деректері сонау тас және қола дәуірлерінен желі тартады. Бұған қазба жұмыстары кезінде табылған шақпақтас, қырғыштар, жаңқалар мен кішкентай нуклеустар дәлел бола алады. Сонымен қатар Талас өңірінен табылған тас қоршаулар мен мәйіті өртелген жерлеу орындарының іздері, жерлеу мүліктерінің, жалпақ орақ, төске тағатын әртүрлі әшекейлер мен білезіктердің табылуы, бүгілмелі үлгідегі қола пышақтар, керамика сынықтары жоғарыда айтқанымыздай, тас және қола дәуірінен хабар беріп, осы өңірлерде тіршіліктің болғандығын айғақтайды.
Ал Тараздағы Жамбыл кірпіш зауыты аумағынан кездейсоқ табылған үлкен тас дәнүккіш, тас келі, ұңғылы қола шот, түп жағы үшкірлеу шар бүйірлі қазандар да бұл жерде отырықшы мәдениеттің болғандығын білдіреді. Мұны Тараздың солтүстігінен табылған ұңғылы жебе ұшы мен жауынгердің қола мүсіні айғақтай түседі. Осылайша сан түрлі археологиялық зерттеу жұмыстардың барысында табылған құнды дүниелер ұлы өркениеттердің белгісіндей біздің заманымызға жетіп, тарихтан сыр шертіп келеді.xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 

ХVІ ғасырға тиесілі жазба деректерде Талас өңірі бірнеше қалалардың үйіндісі ретінде суреттелетінін тарихшылар үшін де, археологтар үшін де пайдалы дерек ретінде қарастыруға болады. Мәселен,xa0бұлxa0жөніндеxa0Мұхаммедxa0Хайдарxa0Дулатидың: «Моңғолдарxa0даланыxa0Янгиxa0Таразxa0депxa0атайды,xa0оларxa0мұныxa0шамасыxa0бірнешеxa0қалалардыңxa0ізіменxa0айтады,xa0ондаxa0күмбездер,xa0минареттерxa0менxa0медреселердіңxa0ізіxa0менxa0белгілеріxa0бар,xa0осыxa0ежелгіxa0қалалардыңxa0біріxa0Янги,xa0алxa0қалғандарыxa0қалайxa0аталды»xa0депxa0жазғанxa0сөзіxa0бар.
Бүгінгіxa0таңдаxa0көнеxa0қаланың зерттеxadлуініңxa0екіxa0ғасырғаxa0жуықxa0тарихыxa0барxa0екендігіxa0анықталыпxa0отыр.xa0ХІХ ғасырдың 30-жылдарында шаxadһарды бірінші болып зерттеxadген француз ғалымы М. Картмер болса, одан кейін 1867 жылы П.И. Лерх, 1880-1898 жылдары В.А. Каллаур, 1890 жылы Е.Ф. Кален, 1893-1894 жылдары В.В.Бартольд, 1894 жылы В.П. Лаврентьев деген ғалымдар зерттеп, қала туралы табылған деректер мен мәліметтерді өз еңбектерінде атап өтті. Жалпы, біздің заманымызды кешегі өткен ұлы дәуірлермен байланыстырып, рухани, мәдени жағынан мәнін арттырып тұрған қала жайында бүгінгі таңда тарихи дереккөздер, мағлұматтар мол. Оның барлығын бір мақаланың көлемінде айтып шығу мүмкіндігі болмағандықтан, солардың кейбіреулеріне ғана тоқталуды жөн көрдік.
Ежелгі Тараздың орны қазіргі қаланың орталық базары астында болғандықтан, ол біраз уақыт зерттеу жұмыстарынан тыс қалып келгені мәлім. Ал бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта археологтардың қолына қала туралы жаңа әрі тың деректер түсетіні сөзсіз.

Шаһарғаxa0әркездеxa0жүргізілгенxa0зерттеуxa0жұмыстарыxa0барысындаxa0көптегенxa0ғимараттардыңxa0орны,xa0атапxa0айтсақxa0тұрғынxa0үй,xa0моншаxa0жәнеxa0тағыxa0басқадаxa0сәулеттікxa0құрылысxa0орындарыxa0табылды.xa0ХІ ғасырға жататын монша Қазақстан аумағынан табылған моншалардың ең ежелгілерінің бірі саналады. Өзіндік жоспарлануы мен қабырғасындағы өрнекті сылағы ескерткіштің маңыздылығын арттырып отыр.
xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 

Тоғыз жолдың торабы
Таразға қатысты тарихи еңxadбектер не дейді? Енді соған тоқталайық.
Таласxa0өңіріндегіxa0тайпаларxa0туралыxa0құндыxa0мәліметтердіxa0қытайxa0саяхатшысыxa0Чжан-Цяньныңxa0жазбаларынанxa0кездестіругеxa0болады.xa0Чжан-Цяньның хабарламалары ежелгі қытай тарихын сипаттаудағы Орта Азия елдерін суреттеуге негіз болды. Осы жазбаның негізінде біздің заманымыздың 27 жылы қытай тарихшысы Баньгу «Цянь-Хань Шу» атауымен «Үлкен Хань әулетінің тарихын» құрастырды. Осы тарихта Талас өзені алғаш рет айтылып, отанымыздың тарихына тікелей байланысты ірі оқиғалар атап көрсетіледі.
Чжи-чжи басшылығындағы ғұндар бөлінгеннен кейін Қаңлы мемлекеті иелігіне қоныстанады. Кейінгі археологиялық зерттеулер Талас өңірінде б.з.д. І ғ. – б.з. V ғ. аралығында қаңлы тайпаxadларының өмір сүргендігін дәлелдеп отыр. Қытай деректерінде кездесетін Да-луй сөзі бұл ежелгі қытай транскрипциясы бойынша Талас өзенінің атауын білдіреді. Сонымен қатар Тараз және Талас өңірі туралы деректер Византия, Персия, Үндістан, Қытай елдерінің қатысуымен VІ ғасырда болған тарихи оқиғаларда атап көрсетіледі. Мәселен, 568 жылы соғды Маниах бастаған түрік елшілігі Византияда болғанда, ал түрік қағаны Дизабулдың (түрікше Істеми қаған) астанасында Византиядан шыққан император ІІ Юстинның Земарх Киликийский бастаған елшілігін қабылдайды. Тараз қаласында олар Византия елшілігін қабылдап, қайтар жолда Земарх Дизабулды (Істеми) сасанидтік Иранға қарсы жорыққа алып барады. Мұны ортағасырлық Тараздың мәдени қабатынан табылған византиялық алтын солида (теңге) дәлелдейді. Беткі жағында (аверс) І Юстинианның жоғарғы жағы бейнеленген, дулыға киген, оң қолында найза болса, сол жағын қалқан жауып тұр. Артқы жағына (реверс) ұзын әрі жалпақ крест ұстап тұрған хитондағы жеңіс әйел құдайы бейнеленген.
572xa0жылыxa0Жетісуxa0жеріненxa0Қараxa0Шұрынxa0Датқаxa0өтеді.xa0Тараз бұрынғысынша астаналық қала мәртебесін сақтап, Түрік мемлекетінде айтарлықтай орын алғандығын осы уақытта болған оқиғалар дәлелдей түседі.
580xa0жылыxa0Соғдыдаxa0Абруйxa0басқарғанxa0түріктерxa0менxa0бұхаралықxa0ақсүйектерxa0арасындағыxa0қақтығысxa0нәтижесіндеxa0халықтыңxa0бірxa0бөлігіxa0Таразғаxa0қонысxa0аударады.xa0Бұл оқиғаны тарихшы Нершахи былай суреттейді: «Уақиға бойынша біршама уақыт өте Абруй билігі күшейіп, ол осы аймақты (Бұхара) қатаң басқара бастады, тұрғындардың төзімі таусылды. Диқандар мен көпестер бұл аймақтан Түркістан мен Тараз жаққа кетті және ол жақтан жаңа қала салып, оны Хамукет, яғни Хамука мырзалар қаласы деп атады». Таразға келген ақсүйектер мен диқандар Қара Шұрыннан көмек сұрайды, осы ұлылығы үшін халқы Биягу Жабғу қаған деп лақап ат қояды. Абруйды (Або-хан) Қара Шұрынның ұлы Шаболио (түрікше Чуло-хэу) өлтіреді.
Археологтарxa0Хамукетxa0қаласынxa0тауып,xa0ондаxa0археологиялықxa0зерттеулерxa0жүргізді.xa0Аталған қала Тараздан 2 фарсахта (12 шақырым) жерде орналасқан.
Таразғаxa0соғдыxa0ақсүйектерініңxa0айтарxadлықxadтайxa0саныxa0келгендігі,xa0соныменxa0қатарxa0Бұхарадағыxa0көтерілістіңxa0жаншылғандығыxa0туралыxa0дерекxa0осыxa0өңірдіңxa0саясиxa0өміріндеxa0қаланыңxa0маңыздыxa0рөлxa0атқарғандығынxa0дәлелдейді.
Көпестер қаласы
630xa0жылыxa0қалағаxa0келгенxa0қытайлықxa0монахxa0Сюаньxa0Цзянxa0Тараздаxa0әртүрліxa0елдердіңxa0көпестеріxa0 тұрады деп суреттеді..xa0ІХ ғ. бірінші жартысында математик және географ Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми «Китаб сурат ал-ард» атты шығармасында: «Тараз бұл көпестер қаласы» деп жазылған. Араб саяхатшысы Абу-Қасым ибн Хауxadкаль «Тараз – мұсылман түріктердің сауда жасайтын орны, одан ары ешбір мұсылман бармайды, себебі оның шекарасынан кім өтсе, қарлұқтардың шатырына (қонысына) тап болады» деп жазған. Арабтың көрнекті географы Мұхаммед ибн Ахмед әл-Макдиси «Тараз – үлкен бекіністі қала, көптеген бақтары бар, тығыз қоныстанған, оның оры, төрт қақпасы бар және рабад орналасқан. Медина (шахристан) қақпасы алдында үлкен өзен (Талас), оның арғы жағында қаланың бір бөлігі, оған қарай өткел бар. Жұма мешіт базар ортасында» деген. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінде: «Талас – Тараз атауымен белгілі қала. Олар екеу: оның бірі – Ұлығ Талас, яғни үлкен, екіншісі ислам шекарасында – Куми Талас» деп жазады. Міне, осылайша Тараз қаласына қатысты көптеген деректерді алға тартып, сөйлете беруге болады. Бұл қаланың шын мәнінде өзіндік бай тарихқа ие екенін, өркениеттердің тоғысқан жері екендігін анық көрсетеді.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0
VІІІ-Х ғғ. Қазақстанның ұлан-байтақ даласын Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш пен Ыстықкөлдер арасын, Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан ортағасырлық Отырарға дейін қарлұқ тайпалары иеленгені тарихтан белгілі. Бұл туралы араб географы Ибн Хаукаль (Х ғ.): «Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күндік жол керек болды. Қарлұқ астаналарының бірі Тараз қаласы» деп жазған. Таразда Ибн әл-Асирдің хабарлауы бойынша аймақтағы Қарахан әулетін басқарған өкіл Сатұқ Қарахан (Сатұқ Боғра хан Ибн әл-Керім) болады. Оның ұлы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы Тараз қаласында исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Тараздың саяси дербестігі мен аймақтағы автономдығы экономика мен мәдениеттің дамуына әсер етпей қоймады. Осылайша қала әр ғасырдың айтулы тарихи өзгерістерін басынан кеше отырып, мол мұрасымен, құнды жәдігерлерімен біздің заманымызға жетті.

Уақыттан асқан байлық жоқ. Заманалар биігінен қарасақ, ежелгі Тараздың біздің ұрпаққа айтары аз емес. Ең бастысы, содан тағылым ала білсек болғаны. Биыл елімізде кең көлемде атап өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығында да ежелгі Тараздың алатын орны айрықша. Бір сөзбен айтқанда, ежелгі Тараз ұлы өркениеттерді танып-білуге жол ашатын қастерлі де қасиетті мекен.
Арнабай НҰРЖАНОВ,
Ә.Марғұлан атындағы Археология
институтының жетекші ғылыми қызметкері,
тарих ғылымының кандидаты
Ералы АҚЫМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің PhD докторанты
Ә.Марғұлан атындағы Археология
институтының жетекші ғылыми қызметкері,
тарих ғылымының кандидаты
Ералы АҚЫМБЕК,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің PhD докторанты
Ана тілі. – 2015 . – 22-28 қаңтар(№3). – 1,12 б.