Латиф Хамидидің — 120 жылдығы (1906-1983)

Ұлы композитор, ұстаз, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы тұлға.

Латиф Хамиди композиция және инструментовка салаларындағы жоғары кәсіби мамандардың оқытушысы, қазақ халық әндерін, операларын және симфониялық шығармаларын хорға арнап өңдеу шебері, Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, мұғалім, дирижер және музыкалық қоғам қайраткері.

Композитор 50-ден астам ән мен романстар, драмалық қойылымдар мен фильмдерге музыка жазған. Алғашқылардың бірі болып ол Абай әндерінің ең жақсы үлгілерін, сонымен қатар 200-ден астам халық әндері мен аспаптық шығармаларды нақышына салып жазды, содан кейін 100-ден астам қазақ, татар, башқұрт, өзбек, түрікмен әндерін өңдеген.