Марат Құлибайұлы

Марат Құлибайұлы 1975 жылы 21 ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Бақалы ауылында туған.xa0 М.Х. Дулати атындағыxa0 Тараз мемлекеттік университетінің филология және журналистикаxa0 факультеттерін бітірген. Еңбек жолын С. Сейфуллин атындағыxa0 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары , облыстық «Ар-Ай» газетінде жауапты хатшы, Жуалы xa0 аудандық «Жаңа өмір» қоғамдық- саяси газеті ЖШС директор – бас редакторының орынбасары, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші болып жұмыс істеді. Қазіргі таңда «AULIEATA-MEDIA» ЖШС еңбек етуде.

«Қолқанат» және «Мейірім» атты әңгімелер жинақтары мен «Жұлдызы биік Жуалы» атты тарихи – т анымдық кітабы жарық көрген. Бірқатар шығармалары мектеп оқулықтары мен түрлі республикалық жинақтарға енген.

Әңгімелері аудандық, облыстық баспасөз беттерінде, республикалық «Балдырған» және «Жыл он екі ай» журналдарында тұрақты жарияланыпxa0 тұрады. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

Толығырақ көру…