«Мемлекеттік рәміздер- ұлттық бірегейліктің тірегі»

№6 кітапханасы қалалық мәдениет үйімен бірлесіп, 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық бірегейліктің тірегі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің әдіскері Жүнісов Айдос  Батырбекұлы және білімгерлер қатысып, Тәуелсіздіктің басты нышандары мен мемлекеттік идеологияның негізі – халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған еркіндігін білдіретін мемлекеттік рәміздер болып табылатыны туралы ой бөлісті.  Шара барысы рәміздер тарихы, маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, пікір алмасуға ұласты.