Мырза-Аға (Мырзатай Жолдасбеков)
Мырзатай Жолдасбеков.xa0Бұл – көп қазаққа таныс есім. Қазақта небір шешен адамдар болған: алқалы топта сөз бастау қиын екені белгілі, алайда мыңдаған адамдардың алдында қасқайып тұрып сөз айту, айтқанда да құлақтың құрышын қандырып, тыңдарманды ұйытып, ет-жүрегін елжіретіп, өзіне ертіп және елітіп сөз айтатындар қазір азайды.
Мырзатай Жолдасбеков ағамыз ғана бұрынғының Бұқар жырауындай ағылтып сөз айта алады, көсілтіп көркем сөзді кестелейді. Айтуы қалай болса, жаxadзуы да тап сондай. Толымды. Болымды. Елбасы туралы «Кемеңгер» деген мақаласын оқыдым. Таза шешендік өнердің үлгісі. Оқып отырғанда Мырза-ағаның құлаққа жағымды қоңыр үні естіледі. Сіз де назар салып көріңізші. «Шынтуайтына келгенде, біз бұрын-соңды қазақ басынан кешпеген бақытты кешіп, солар сезіп-білмеген жауапкершілікті мойнымызға алған едік. Бұрын ешқандай тәжірибесі болмаған елде, даму жолының өнегесі болмаған жерде, тәуелсіз мемлекет орнатуды қолға алған едік. Бұл адамзат тіршілігіндегі, адам санасындағы, оның тәжірибесіндегі қиынның ең қиыны еді. Осы жауапкершілікті қалың елдің ішінен суырылып шығып, мойнына алған, өз тағдырын елінің тағдырымен жалғаған, сөйтіп солардың үзіле берxadген үмітін жалғаған азаматымыз – халқының ержүрек перзенті Н.Назарбаев болатын». Осындай кесxadтелі көркем сөздің өрнегін Мырза-аға айтxadпағанда, кім айтады?! Кім айта алады?!
Мырзатай Жолдасбеков өзін көсем санамайды.xa0Мемлекет басшысының кемел тұлғасын кесек сөздермен сомдап беріп, өзін сол кісінің «нөкерімін» деп, қарапайым дағдысынан жаңылмай сөйлейді. Дәлел қайсы? Мырза-ағаның өз сөзін келтірейік. «Тәуелділіктен арылып, тәуелсіздікпен қауышқан тұста, ызы-қиқы кезеңде мен Н.Назарбаевтың елді апатқа ұшыратып алмай, аман алып шығудың айла-әрекетерін іздеп шарқ ұрған, елі үшін төсегінен түңіліп, түн ұйқысын төрт бөлген мазасыз күндерінің, ұйқысыз түндерінің куәсі болған, жан тебіренісін де, күйзелісін де көрген адаммын. Жан-жақтан анталаxadған кезеңде жанында болған, ерлігін, қайсарлығын, тәуекелшілдігін көзіммен көрген, елі үшін атқарған ерен еңбектерінің куәсі болған адаммын. Шамам келгенше қолғабыс тигізген нөкерлерінің бірімін».
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, елші, ғалым-жазушы Мырзатай Жолдасбеков туралы айтар ойдың да, сөйлер сөздің де ұшы-қиыры жоқ екені сөзсіз.xa0Мырза-аға қазақ әдебиеттану ғылымына да өлшеусіз үлес қосты. Университетте жүрxadгенінде білімі мен білігін, ақылы мен ойын теңіздей толқытып, дариядай шалқытқан ұлы Әуезовтен үш жыл бойы дәріс алуы өз жемісін берді. Көз майын тауысып аспирантурада білім алды. Оның да жемісі жоқ емес. Ғұлама ғалым, акаxadдемик Әлкей Марғұлан 1969 жылыxa012 маxadмырда қазақ әдебиетшілері мен тілxadші ғалымдарының қаймаxadғы түгел жиналған кеңесте: «Мырxadзатай Жолдасбековтің зерттеуінің құндылығы онда қазақ әдебиетінің байырғы бастаулары ашылxadғанxadдығында.xa0М.Жолдасбековтің еңбегі қазақ әдебиетінің бастау көздерін зерттеудегі алғашқы адым әрі қазақ әдебиеттануына қосылған қомақты үлес» деп жоғары баға берген екен. Мәулен Балақаев, Әбділда Тәжібаев, Хайролла Махмұдов, Кәкен Аханов, Ісмет Кеңесбаев сияқты ғұлама ғалымдар жылы лебізін білдіріп, ғалымның еңбегін жоғары бағалаған екен. Міне, ғылымдағы сара жолы осындай аяулы ағалардың тілегімен басталған еді.
Мырза-ағаның Тәуелсіздік туралы толғамдары да бөлек, ерек айтылады. Қараңыз: «Тәуелсіздік қазақ халқының сан жылдар бойы армандаған, бірақ жете алмаған, соның жолында ұлы қағандар мен хандардың, билер мен көсемдердің, батырлардың басын бәйгеге тіккен ұлы күрес жолы болды. Солар ел, жер үшін, тәуелсіздік үшін жанын қиды, бірақ олар жете алған жоқ. Тәуелсіздікке кешегі өзіміз көзін көрген дана, ғалым ағаларымыз Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов те жете алған жоқ. Тәуелсіздікке бүгінгі ұрпақ жетті. Көнелердің көзін көрген, ағалардың жанында жүрген біз жеттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жетті. Ол өзінің туған халқымен бірге жетті. Рас, тәуелсіздік алу оңай болған жоқ. Мен – осы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында да Президентіміздің жанында болған, осының ыстық-суығына көнген, шыдаған азаматтардың бірімін. Оңай болған жоқ. Тәуелсіздікті біз Қазақстанда қазақ халқының саны 39 пайыз болғанда алдық. Бұл – дүниежүзі мемлекеттерінің тарихында болмаған оқиға. Елбасы осыны қатты ескеріп, тәуелсіздік алған күннен халықтың бірлігін, ынтымағын ойлады. Қазақстан халқы тәуелсіздікті тұғыр етіп алды» деп ой толғайды.
Оның алаш қайраткерлерін қайта тірілту жолындағы еңбегі зор. Бір кездері атын атауға қорқатын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мірxadжақып Дулатов, Шәкәрім Құдайxadбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағxadжан Жұмабаев және тағы басқа қайратxadкерлеріміз тарих бетіне қайта шықты. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді.
«Тек қана мәдени, әдеби өміріміз емес, саяси тіршілігіміздің де көкжиегі кеңейді. Сол боздақтарды, елім деп еңіреxadген ерлерді қайта тірілтуде Мемxadлекет басшысы Нұрсұлтан Назарxadбаевтан бастап, Өзбекәлі Жәнібеков пен Мырзатай Жолдасбеков те, үлкен ғаxadлымдар мен жазушылар да көп еңxadбек сіңірді. Алашсың деп қазақ сахнасынан аласталған арыстандарды бүгінгі ұрпаққа жарқыратып, әкеп берген азаматтарды келешек ұрпақ шапағатпен еске алатынына әбден сенімдімін. Осы бір ұлы тіршіліктің бел ортасында әдеби-қоғамдық еңбектерімен ел махаббатына бөленіп отырған Мырзатай Жолдасбеков жүрді. Мұндай ұлы жұмысты басқару үшін жүрек те, ақыл да, биік парасат та, терең білім де – бәрі де керек еді. Ұлтын сүймей, ұлтының жанын ұқпай, тілін білмей ұлы болам деушілік әншейін әурешілік қана. Жанына ұлы жыраулардың асыл мұраларын жастайынан сіңірген, қазақтың асыл маржандарын өз жүрегіне ту қып ұстаған, елінің сөзі мен жырын тұмар ғып тағынған Мырзатай бауырым ел тағдырының аса бір ұлы бетбұрысында белсенділік, көрегендік танытқанына әрі қуанам, әрі мақтанам. Мен істеxadмегенді ол істесе, мен жетпегенге ол жетсе, оған қошемет етуге жарамасақ жер басып жүрудің қажеті де бола қоймас». Қазақстанның халық жазуxadшысы Тұманбай Молдағалиевтің көзі тірісінде Мырза-ағаға берген бағасы.
Мұның бәрі ойланбаған, күтпеген жақсылықтар болатын. Бұл – тәуелсіз қазақтың қайта оянуының басы еді. Өткенді ояту, өлгенді тірілту жолындағы Мырзатай Жолдасбековтің ерен еңбегін ерекше айтуымыз қажет. Ойы озық, жаны таза, елім деп еңбек еткен ерлер ғана елінің тағдырына араша түсе алады. Мұны бір қайраткерлік емес деп айта аламыз ба? Сын сағаттарда, сындарлы сәттерде елге қорған болу да – азаматтық борыш. Мырза-аға – өзінің азаматтық борышын адал атқара білген жан.
Мырзатай Жолдасбековтің ұсxadтаздық, ғалымдық жолы бір төбе. Ол бөлекше, ерекше тоқталуды қажет етеxadтіні белгілі. Күлтегін, Тоныкөк бабаxadларымыздың қайталанбас тұлғасын өскелең ұрпақтың бойына мәңгі ұялата білді. Мәдениетіміздің сонау ықылым заманнан бастау алатынын дәлелдеп берді.
Қазақтың көрнекті қаламгері Әбіш Кекілбаев бір кездері әріптес ағасы туралы: «Ізденіс пен ізгілік, мейірбандық пен кішіпейілділік бағаланбай қалуы мүмкін емес.xa0Еліміздің тарихындағы ең бір шешуі кезеңде Мырзекеңнің үлкен саясат сахнасына шығуының басты сыры да, міне, осында сияқты. Онсыз да буырқанып жатқан әлеуметтік құштарлықтар тасқынында онсыз да қаулап жатқан отты үрлемейтін салиxadқаxadлы ақыл, сара парасат керегірек еді. Ғалым-педагог Жолдасбеков аласаxadпыранданып жатқан саясат әлеміне, алабұртқан аудиторияға салмақпен кірген тәжірибелі ұстаздай сабырмен аттады. Немен бітері белгісіз әлеуметтік өзгерістер тұсында желөкпелік пен желпініске берілмей, қай мәселеде де істі насырға шаптырып алмауға тырысты. Бәрібір өз дегеніне жетпей қоймайтын құбылыстардың аңғарын алыстан байқап, сол жолда болмай қоймайтын қиындықтардың алдын алуға тырысты. Бұндай тұста кімді де болса енжар қалдырмайтын мәселелерге бас көз болу үшін терең білім, мол тәжіриxadбеxadмен қоса үлкен адамгершілік қажет еді» деп жазған екен. Салмақпен кіріп, сабырмен аттаған саясат әлемінде де Жолдасбековтің ерекше қолтаңбасы бар. Қазақстанның тәуелсіздігі жолында аянбай еңбек етті.
Еліміздің баянды болуының әрбір сәтінде Елбасының сенімді серігі бола білді.xa0«Тәуелсіздіктің қиын да күрделі жылдары 5 жыл бойы күні-түні қасында болып, тереңдігін, кемелдігін көрдім. Елім дегенде ен дүниеге сыймай, талай тебіренгенін, талай ұйқысыз түндер мен тынымсыз күндерді басынан кешіргенін көзіммен көріп, жүрегіммен сездім. Арпалысқан, аласапыран кезеңде үйреніскен қалыпты жүйенің астан-кестеңі шығып жатқан, алда не боларын білмей жұрт сасқалақтаған уақытта Н.Назарбаев именбей қол бастады, тар кезеңнен жол тапты. Алаштың аманатын мойнымен көтерді. Азаттыққа қолымызды жеткізіп, мәртебемізді асқақтатты», – деген сөзxadдерді тек Мырзатай Жолдасбеков қана айта алса керек. Елбасының үзеңгілес серігі, тәуелсіздігіміздің бастауында халқымызға үлкен қызмет жасаған тегеурінді тұлға. Сексеннің сеңгір биігіне шықса да сергектігінен ажырамаған, азаматтық болмысынан үнемі самал есетін елдің серкесі. Халқымызда «Қазыналы қартың болса, жазулы тұрған хатпен тең» деген сөз бар ғой. Біздің Мырза-аға сондай қадірлі қайраткер. Шаршамаған, шалдықпаған, әдемі қартаюдың үлгісін көрсетіп, алxadқалы топта ақылын, ноқталы топқа наxadқылын айтып, тәуелсіздігіміздің тұxadғырлы болуына барлық ғұмырын арнап келе жатқан Алаштың абыз ақсақалына не тілесек те жарасар еді. Ортамызда жүрxadген абыз ағаларымызды пендәуи пенxadдеxadшілікпен күңкілге салмай, қайта оларды ардақтап, қошемет көрxadсеxadтуді иісі қазақтың дәстүріне айналxadдырxadғанымыз жөн болар. Еліміздің егеxadменxadдігі орнығып, тәуелсіздігіміздің қуатxadты тетіктері берік жасалып, арналы жүйеxadге түскен шағында барлық істің баяндылығын көру бақыты бұйырсын деген тілекпен аттың басын ірке тұраxadлық. Алашыңыздың бақыты үшін аман жүріңіз, Мырза-аға!
Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ
Айқын. – 2017. – 20 мамыр (№73)
xa0
xa0