«НАУРЫЗ – ДУМАН, НАУРЫЗ – ӘН»
№6 кітапханасындаxa0 Наурыз мерекесіне орай халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Наурыз – думан, Наурыз – ән» атты мерекелік кеш өткізілді. Іс-шара барысында ұлт пен ұлыстың ортақ сағынып көрісетін мерекесі туралы қызықтыxa0 ақпараттар берілді.Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері қазақтың «Бастаңғы», «Сүйінші» салтынан көрініс көрсетсе, кітапхана қызметкерлері «Наурызым-нұрлы ырысым» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітаптарға библиографиялық шолу жасады.