Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырған болатын.
Осы бағытта қуаныш пен мейірімнің, бақ пен берекенің, молшылық пен кеңдіктің белгісі болған Наурыз мерекесін тойлаудың он кундік тұжырымдамасына сәйкес 18 наурыз «Береке күніне орай Абай атындағы орталық кітапханада Тараз қалалық ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шара өткізілді.
Басқосу барысында кітапхана қызметкерлері қонақтарға Наурыз мейрамының негізгі мақсаты — Қазақстан жерінде беітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегеилікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру екендігін айтып өтіп, «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты кітап көрмесімен таныстырып, кітапхана қызметкері Гүлсат Қонысбаева Омар һайамның «Наурызнама» кітабына библиографиялық шолу жасады.
Қазақ халқының өзіне тән салт-дәстүрлері бар. Атап айтсақ, олар: шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, сүндет той. Осыған орай Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова кітапхана қызметкері Сара Жолдыбаеваның ұлы Заңғардың тұсауын кессе, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, өнерпаз ардагер Аманқұл ЬІсқақов арнайы музыкалық сәлем жолдап, қалалық Билер алқасының төрағасы Сауранбек Жамалбеков бата берді.
Кітапхана қызметкерлері Сая Аққұман және Айдана Үшбаева Айтқали Нәріковтің «Наурыз», Әбдірахман Асылбековтің «Наурыз шашу атты өлеңдерін оқыды. Кітапхананың жас оқырманы Айзере Оңғарбай Ж.Қожағазинаның «Тұсау кесер» әнін орындап берді. Ал, өз кезегінде ардагер-аналар Қанымкүл Беисенбай мен Якул Шуақ мерекеге өздерінің әндерімен шашу шашты.
Наурыз тойының өзіне тән ұлкен ырым асы — Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңажылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ басым болады, өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Іс-шара соңында кеш қонақтары мен кітапхана оқырмандарына Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы, жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалған Наурыз көже ұсынылды.
Алдаберді Мақашев,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Ардагер айнасы. – 2021. – 1 сәуір