«НАУРЫЗ СӘН-САЛТАНАТ, ҰЛТТЫҚ РУХ»

«НАУРЫЗ СӘН-САЛТАНАТ, ҰЛТТЫҚ РУХ»

Мереке қарсаңында Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханар жүйесіне қарастыxa0 М.Әуезов атындағы кітапханасында «Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух» тақырыбымен мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс –шара барысында ұлт пен ұлыстың ортақ сағынып көрісетін мерекесі туралы қызықтыxa0 ақпараттар берілді.

Кітапхана жанынан кітап әуесқойларының өзара қарым-қатынасын нығайту мақсатындағы зейнеткерлермен құрылған «Очаг» клубы мүшелеріxa0 түркі тілдес халықтардың ортақ жаңа жылы – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінің білімгерлері қазақтың «Қыз көрсету» салтынан көрініс көрсетті.

Кітапхана қызметкерлері қонақжай қазақ халқының дәстүрімен мерекелік дастархан жайып, ұлттық тағамдардың тарихымен таныстырды.