Облыс орталығында заманауи перзентхана ашылды

Облыс орталығында заманауи перзентхана ашылды

xa0 xa0 xa0Денсаулық сақтау стратегиясының маңызды бір бөлігі Ана мен бала денсаулығы. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы — бала санының көбеюімен айшықталып, болашақ ананың қауіп-қатерсіз дүниеге сәби әкелуі оның денсаулығына қоршаған орта мен медициналық көмектің деңгейіне байланысты. Стратегияда айтылғандай, еліміздің орнықты әлеуметтік — демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс орталығында облыстық перинаталдық орталық ашылды.xa0

Орталықтың ашылу салтанатында аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев: -Хандық тойымен қатар келген Әулиеата әлеуетінің дамуына сеп болар заманауи перзентхананыңxa0 ашылуыxa0xa0xa0xa0 -xa0xa0 өңірxa0 халқы үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі таңдағы денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерінің бірі — ана мен баланың өлімін азайту болып табылады. Нәрестелер мен ана өлімінің азаюына заманауи деңгейде жабдықталатын осындай мамандандырылған мекемелер көмегін беретін болады. Соңғы жылдары ана мен бала өлімі көбеюіне орай, мемлекет тарапының қолдауымен осындай заманауи бөбектер жайы салынып отыр. Біздің облысымызда жыл сайын 10000-ға жуық сәби дүниеге келеді. Жаңа технологиялык әдістер қолданысқа енгелі ана мен бала денсаулығын қорғау арта түсуі қажет. Міне, бүгінгі ашылып отырған орталықтың өзі 200 орынды болып отыр. Бұл әрине халық денсаулығы үшін, игілігі үшін атқарылып жатыр. Осындай сәби мен ана денсаулығының жақсаруына қызмет ететін аудандарымыздағы перзентханалар баршылық. Мәселен, Шу ауданында -150 орындық, Меркі, Қаратау, Жамбыл аудандарында 250 адамға жәрдем беретін орталықтар толығымен жұмыс жасап жатыр, — деді.

Игі шарада «Тараз құрылыс дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Тимур Манашев перинаталдық орталықтың кілтін орталықтың бас дәрігері Гүлнағира Байзатоваға салтанатты түрде табыс етті.

Салтанатты рәсімде облыс басшысы Кәрім Нәсбекұлы облыста алғаш болып орталық ішінде орналасқан тілек кітабына колтаңбасын қалдырып, жиналған көпшілікпен қатар орталықтың бөлімшелерін аралап көрді. Айталық, бұл орталықтың негізгі мақсаты – әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде медициналык көмек
көрсету.Ағымдағы жылдың 9 айында облыстық перинаталдық орталықта 7689 нәресте дүниеге келген. Және орталықта салмағы 500 грамнан асатын дүниеге келген сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін колдан келген көмегін аямайды.
xa0xa0xa0xa0xa0 Орталықта босану, әйелдер, жаңа туған нәрестелер реанимациясы және интенсивтіxa0терапия, оталық блок, жүктіліктен кейінгі физиологиялык, жүктілік патологиясы,xa0жедел гинекологиялық, шала және жаңа туған нәрестелер, жана туған нәрестелердіxa0неврологиялықxa0xa0xa0 оңалту,xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 хирургиялықxa0xa0бөлімдер мен бірқатар қосалқы бөлімшелер қарастырылған.

xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0 xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0xa0Толғанай Бекетқызыxa0

xa0xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 АРстан. — 2015. — 23 қазан (№31). — 1 бет.