Өлеңнің егіз өрімі — К. Ахметова, Қ. Асанов
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0
xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 xa0 Мұңлы муза иесі Мұқағали, жұмбақ ойлы Жұмекен, тентек мінез Тоқаш, бірбеткей Фаризалардың қатарында нәзік сезім иесі Күләш Ахметова да қазақ өлеңіндегі өрнегі өзгеше ақынға айналғаны анық. Асқар таудай Әбділда Тәжібаевтың бір кездегі «Күләш – ақын» деген пікірі қазақ өлеңінде өзіндік орны бар көрнекті тұлғаны тап басып көре білгені болса керек. Ал өлең жолдары сырға да, мұңға да толы Қайырбек Асанов та жеке басының қамын күйттемеді. Қазақтың қасиетін жырлады. Әлі де жырлап келеді.
Жақында Тараз төрінде талантты ақындар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асанов пен Мемлекеттік сыйxadлықтың лауреаты Күләш Ахмеxadтованың Тәуелсіздіктің 25 жылxadдығына арналған поэзия кеші өтті. Бір шаңырақ астында ерлі-зайыпты болып күн кешіп, қазақ поэзиясының дамуына өлшеусіз үлестерін қосып, өлеңxadдегі өзгеxadлерден өзгеше дара жолxadдарын сала білген қос ақын Қайырбек Асанов пен Күләш Ахxadмеxadтова бүгінде жетпіс жасқа толып отыр.
Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өткен поэзия кешінде қос ақынның жас кезі, студент шағы бейнеленіп, олардың алғаш таныстығы, араларындағы іңкәрxadлік сезімдерінің оянған сәті әдемі суреттелді.
– Күләш – аяулы ақын, сүйікті жар, мейірімді ана, ақылxadды қарындас. Оның жанының нәзіктігі, сыршылдығы, мейірімxadділігі өлеңдерінен де төгіліп тұxadрады. Поэзиясы тұнып тұрған адамгершілік, инабаттылық, кісілік, парасаттылық. Жырлаxadрынан кейде Қожа Хафиздің, Сағдидың үні естілсе, енді бірде Абаймен тілдескендей болатын Күләш – періште ақын. Сол үшін оны бәріміз жақсы көреміз. Күләштің туған жер, өскен өлxadкені жырлауы ақиық ақын Мұқаxadғалимен үндеседі. Қазақта бұл тақырыпты Мұқағали мен Күләштан артық жырлаған ешкім жоқ, меніңше. Біздің Күләшті аялап, алақанында ұстап келе жатқан Қайырбектің де сонау Сырдағы жыршылық ортаның қайнарынан шыққан тасқын талант екенін бәріміз білеміз. Оның да өнерінің бағасы биікте екенін айта аламыз, – деген Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков ақындар шыxadғармашылығы туралы өзінің әдеxadмі де әсерлі ой-пікірлерімен бөлісті.
Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ақындар Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованы 70 жасқа толу мерейтойымен арнайы құттықтап, темір тұлпар сыйлады.
Оралхан ДӘУІТ,
Суретті түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН
Егемен Қазақстан. — 2016.xa0 – 19 қазан. – 10 б.
xa0
xa0