«Өмірге риза болып алғыс айт»

Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №5 кітапханасында «1-наурыз – алғыс айту күніне» орай «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж білімгерлерімен ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру мақсатында «Өмірге риза болып алғыс айт» атты сырласу өткізілді.