Қазақ және әлем халықтарының ертегілері

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі — білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.

xa0 xa0 xa0″Кітап дегеніміз — алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік», — деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу — әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.xa0

xa0 xa0 xa0″Кітап маған тақтан да қымбат», — деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білген — кітап. Cол себепті оның орны тақтан да жоғары. «Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол», — дейді Баус. Кітап — сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз. Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын таңытқан, оқытып-үйреткен — кітап.xa0

xa0 xa0 xa0Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен, тарихы мен өткенін жыр еткен де — кітап болатын. Сондықтан да, «кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі», — дейді Горький. Онда біз әлі білмейтін, естіп оқымаған қыр-сыры көп. Оны тек кітаппен дос болған адам ғана құпиясын ашып, ғажабын танып біле алады.xa0

xa0 xa0 xa0Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық.

xa0 xa0 xa0 «Кітапхана балаларға ұсынады» парақшасына «Қазақxa0жәнеxa0әлемxa0халықтарыныңxa0ертегілері»xa0атты кітабынxa0ұсынамыз:

xa0 xa0 xa0 Қазақ және әлем халықтарының ертегілері [Мәтін] / [құраст. Жаңыл Нуралиева]. – Алматы : Балауса, 2017. – 160 б.

xa0 xa0 xa0Ертегі — ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

xa0 xa0 xa0 Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мұң шері, арман-мұраты бейнеленген.

xa0 xa0 xa0 Ертегілер — халық даналығының ғажайып туындысы. Ертегілер халқымыздың ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған ауыз әдебиетінің бай қазынасы. Осы мол дүниеден бұл кітапқа халқымызға кең тараған қазақ халық ертегілері және әлем халық ертегілер енгізіліп отыр. Кітап бүлдіршіндерге, жасөспірімдерге және көпшілік оқырман қауымға арналады.

xa0 xa0 xa0 Достар, «Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге», — деп ұлы ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.