Құстар адамды үнемі қызықтырды. «Құстар» деген не? Одар қандай тіршілік иелеріне жатады? Әйгілі америкалық орнитолог Роджер Тори Питерсонның құстар туралы көпшілікке мәлім тамаша кітабы былай басталады: «Бүкіл жоғары сатыдағы жануарлардың ең әдемі, ең тәтті әуездісінің құстар екені сөзсіз, одар еріксіз өзіне тәнті етеді, адам көбінесе соларды зерттеп, қорғайды. Құстардың саны, басқа омыртқалылардың барлығынан едәуір артық, сондай-ақ олар жер шарының барлық жеріне дерлік — поляр мұздарының жиегінде және ең биік тау беткейлерінде өмір сүреді».
Шынында да құстар бардық жерде адамның айналасынан талбылады, тіпті кей кезде табиғи орта ретінде тұспалдауға келмейтін осы заманғы қала жағдайларынан кездестіре аламыз. Мұны адамдар көп жүретін қаланың кез келген жерінен байқап көруіне болады.
Біздіңxa0кітапханаxa0кішкентайxa0оқырмандарынаxa0«Атамұра»xa0баспасынан жарықxa0көргенxa0А.Ф.xa0Ковшарьдыңxa0«Қазақстанxa0жануарлары»xa0сериясынан «Құстар»xa0аттыxa0мектеп энциклопедиясынxa0xa0ұсынады.
Ковшарь, А.Ф. Құстар [Мәтін] : мектеп энциклопедиясы — А.: Атамұра, 2010. – 352 б. -: сүр.
xa0Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі — «Құстар класының жалпы очеркі», мұнда құстардың дене құрылысынан бастап, таралу және өмір сүруіне дейінгі құстар класына сипаттама беріледі. Осы бөлімнің бірінші және екінші тарауларынан құстар туралы мынадай жалпы түсінік берілген:
олар қандай тіршілік иелері; олардың жануарлар әлемі жүйесіндегі орны;
оларxa0қашанxa0жәнеxa0неденxa0пайдаxa0болған;
олардыңxa0денеxa0құрылысыxa0тіршілікxa0ететінxa0ортасынаxa0қалай реттеліп бейімделген;
ұшу әрекеті деген не және ол құсқа не берді — құстарда ұшпайтын омыртқалы жануарлармен салыстырғанда қандай артықшылықтар пайда болды.
Үшіншіxa0тараудаxa0құстардыңxa0жер шарында таралуына, олардыңxa0түрініңxa0санxa0алуандығына, суда, су маңында,xa0жерxa0бетінде,xa0ормандаxa0-xa0өмірxa0сүретін, яғниxa0дүниеxa0жүзіндегіxa0барлықxa0құстар туралы жалпы түсінікxa0беріледі.
Құстардыңxa0көбеюінеxa0арналғанxa0төртіншіxa0тарауда,xa0құсойнаққа,xa0ұяxa0салуға,xa0жұмыртқаларxa0инкубациясынаxa0жәнеxa0басқаxa0ұяxa0салуxa0айналымыныңxa0кезеңдерінеxa0өтеxa0айқынxa0мысалдарxa0келтіріледі.
Келесі тарауда құстардың табиғаттағы және адамның шаруашылық әрекетіндегі маңызы туралыxa0 баяндалады. Соңғы тарау алдыңғы тақырыпты жалғастыра отырып, құстарды қорғау қажеттігін дәлелдейді.xa0xa0Кітап туғанxa0өлкеxa0тіріxa0табиғатыныңxa0тіршілігінеxa0қызығушыларғаxa0арналған.