Сенің алғашқы миллионың

Құрметті жас оқырмандар!

     Балалар, сендер ақша туралы білгілерің келе ме? Ақшаны қалай жинауға болады, қалай дұрыс жұмсау керек, тіпті бір күні миллионер болуға болатынын ойлап көрдіңдер ме?

     Міне, осы сұрақтардың бәріне қызықты да түсінікті жауап беретін кітап — «Сенің алғашқы миллионың»!

     Бұл кітапта үш тамаша автор — Джеймс Маккена, Джанин Глайста және Мэтт Фонтейн — бізге ақшаның құпияларын қызықты тілмен түсіндіреді.

   Маккена, Д. Сенің алғашқы миллионың [Мәтін] / Джеймс Маккена, Джанин Глайста, Мэтт Фонтейн. ; [ағыл. тіл. ауд. Г. Әбішева]. — Астана: Фолиант, 2025. — 144 б.

     Табысқа жету жолындағы алғашқы қадамыңның бастамасы. Бұл тек ақша туралы ғана емес, еңбек, табандылық, арман мен мақсатты жүзеге асыру жайлы мотивациялық ой. Әр адамның өз жолы бар, ал бұл жол — сеніммен басталып, еңбектену арқылы миллионға жетелейді. Ең бастысы — өзіңе деген сенім мен нақты қадам болу қажет.

     Қарапайым тілмен жазылған бұл кітап баланың қаржылай тәуелсіз және сауатты болып өсуіне, дұрыс қаржылық шешімдер қабылдауына және өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуіне көмектеседі.

     «Сенін, алғашқы миллионың» — қаржы, жинақ, инвестиция, шығындар мен кірістер туралы балаларға арналған алғашқы қазақ тіліндегі басылым. Кітапта қаржылық жағдайдың баланың қабілеттеріне және қабылдаған шешімдеріне байланысты екені айтылады. Сонымен қатар ақша жинаудың және пайда табудың жолдары көрсетіледі.

     Инвестиция дегеніміз не?

     Шығын неге кірістен аз болуы керек?

     1 000 000 жинау үшін қаржылық жоспар қандай болу қажет?

     Кітаптан қаржыға байланысты басқа да қызықты сұрақтарға жауап табуға болады.

     Балақай ендеше, ақша табудың қарапайым әдіс-тәсілдерін үйреніп ал. Сенің қолыңнан келеді. Қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізудің және бизнес бастаудың қыр-сырын үйрен ақша жина. Шынында, миллионерлер — ақша жұмсайтын емес, ақша үнемдейтін адамдар. Сенің де миллионер сияқты ойлайтын уақытың келді кірісіңді көбеит. Қаржы әлеміндегі инвестиция және күрделі пайыз мөлшері терминдерімен танысып, оларды тәжірибеде қолдан.

    Алғашқы миллионыңа адал еңбекпен жет.