«ШЫҒЫСТЫҢ ШЫНАРЫ»
М.Әуезов атындағы кітапханасында қазақтың ержүрек, батыр, мерген қызы – Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орайxa0 «Шығыстың шынары» атты оқырман конференциясы өткізілді. Іс-шараға «Дарын» лицей – интернатының 10-шы гуманитарлық қазақxa0 сыныбының оқушылары қатысып, xa0Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен xa0ерлігі туралы ойларын ортаға салды.