Шырын. Басшы болу оңай ма?

Құрметті балақайлар!

Әдеттегідей сіздерге керемет, қызықты кітаптарды ұсынуға асығамыз!

Түрік балаларының сүйікті шығармасына айналған Бирсен Еким Өзеннің «Шырын» атты кітабын ұсынамыз. Басты кейіпкер Шырын — қиялы жүйрік, арманшыл, жанашыр, батыл әрі аңғал қыз.

       Өзен, Б.Е. Шырын. Басшы болу оңай ма? [Мәтін] / Бирсен Еким Өзен. ; [түрік тіл. ауд. Қ. Қабай] ; сурет. С. Ышык. — Алматы : Мазмұндама, 2024. — 100 б. : сурет

Айналасын әлі толық танып үлгермеген оған бәрі қызық, бәрі таңсық. Осы қызығушылығының әсерінен кейде үлкендерден ұрыс еститін сәттері де аз емес. Бірақ жүрегі кіршіксіз таза, қулық-сұмдықтан ада. Соңында басынан кешкен оқиғадан өзінше ой түйіп, сабақ алады.

       «Бүгін сонғы сабақтан кейін сыртқа шығып бара жатып қабырғаға ілінген хабарландыруды байкап қалдым. Жаңа саяхат жоспарланған болса, немесе мектепке театршылар келіп койылым қоятын болса, осындай хабарландырулар ілінетін. Сондай бірдеңе ме деп қарап едім, өзгеше хабарландыру екенін байқадым;

    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Осы аптада мектебіміздін, басшысын сайлаймыз. Оқушылар дауыс беруге түгел қатысуға тиіс».

Бұл не деген сөз сонда?

Мектеп басшысы сайлана ма?

Шырын үшін мектеп басшысы болу сыныпта кезекші болудан да маңызды қызмет. Сол үшін де бұл қызметке үлкен жауапкершілікпен қарайды. Қалай ойлайсың балақай,

Шырын басшы бола ала ма?

Шығарманың тілі жеңіл, ойнақы, жинақы, еріксіз езу тартқызатын юморға бай.