Сиқырланған орман

Ертегіxa0- ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оныңxa0ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.

Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы қиын асулары, халықтың мұң-xa0шері, арман-мұраты бейнеленген

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтыңxa0жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделіxa0шығармасының бір түрі — ертегілер. Ертегілер көбінесе, қара сөзxa0ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркемxa0әңгімесі деп қараймыз.

Балалар сендердіxa0xa0ғажайып, сиқырға толыxa0Руф Сандерсонныңxa0«Сиқырланған орман»xa0атты ертегі әлеміне саяхатқа шығайық.

Бір кездері ғажайып ел болған өлке кенеттен қуаңшылыққа ұшырайды. Аңызға сенсек, ақсүйек тұқымынан шыққан жаны ізгілікке толы адам ғана сиқырланған ормандағы Әлемнің жүрегін тауып, патшалықты бұл қатерден құтқара алмақ…

Әбден қартайған патша ұлдарын шақырып алып, елді қуаңшылықтан құтқарған ханзадаға өз тағын беретіндігін айтады. Ағайынды үшеуі де «Әлемнің жүрегін іздеп тауып, патшалықты құтқаруға дайын еді…»

Олар бірінен соң бірі Сиқырланған орманға аттанады….

Сиқырға толы ертегінің немен аяқталғанын осы кітапты оқып білесіңдер. Әсерлі оқиғаға толы бұл кітап рыцарьлық романдарды еске түсіреді және сендер сияқты жас оқырмандарды ертегінің сиқыр әлеміне жетелейді.

Кітаптын авторыxa0Руф Сандерсон балаларға арналған 75 кітаптың иллюстраторы ретінде танымал. Сандерсон өз туындыларында бояу қанық суреттердің табиғилығы мен реңк түстерінің байлығын шебер үйлестіре білген.