Тараз әлем жұртына тарихымен есік ашады
xa0
Уақыт ағымымен жақындап келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық маманxadдандыxadрылxadан көрмесінде ежелгі Тараз қаласы әлем жұртына есігін тереңнен тартқан тарихымен ашпақ. Жамбыл облысы Ұлы Жібек жолы боxadйында орналасқан іргелі мекендердің бірі және бірегейі. Тарихы мыңжылдықтардың мұратымен үндесіп, адамзат өркениетінің елең-алаңымен астарласқан аяулы алтын беxadсігіміз Тараз қаласының тарихи шежіресін паxadрақтау дәуірі XX ғасырдың ғаламат сыйы – Тәуелсіздік таңымен ұштасады.
Алғашқы іргетасы біздің жыл санауымыздан жүз жыл бұрын қаланған қасиетті мекеніміз, өзінің өрелі ғұмырында талай-талай тарихи тасқындар мен дауылды ғасырxadларды бастан өткерді, Ұлы Жібек жолының кіндік бекеттерінің бірі, аса ірі өркениет ошағы ретінде батыс пен шығысты жалғады, сөйтіп «Тараз – тарихымыздың алтын арxadқауы» дейтін мәртебеге ие болды.
Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дуалы аузынан шыққан шымқай шындықтың арғы тегінде тебіндеген Тараз тарихының жарқын беттері – арxadғысы жалпы түркі өркениетінің, берxadгісі Қаxadзақ мемxadлекеттігінің басынан кешкен көп жақxadсыxadның басында тұрғандығымен ерекшеxadлеxadнеді.
Екінші Түрік империясының тарихтан ойып тұрып орын алған ұлы тұлғасы Тон Ябғу ордасын тіккен Мыңбұлақ мекені, адамзаттың даму тарихына аса ірі бетбұрыс әкеліп, аймақ аясында Ислам өркениетінің өркен жаюына себепкер ұлы шайқас өткен (751ж.) Атлах қаласы жатқан, араға сан ғасырларын салып, ақыры 1465 жылы Керей мен Жәнібек оғландар Қазақ хандығының алтын туын аспандатқан Қозыбасы биігі тұрған Шу – Талас аңғарының бас қаласы Тараз тарихының тынысы, тылсым-болмысының бүгінгі қауымға да айтары мол…. Жалпы, түркі әлеміне ортақ өрімxadдерімен ерекшеленетін өркениет өрісіне өлшеусіз үлес қосқан Тараз қаласы, киелі қала осыдан 21 ғасыр бұрын өз іргетасын қалаған Шу – Талас аңғары туралы әлемдік тарихнамада арнайы тарау бар екендігін біреу білсе, біреу біле бермеуі мүмкін. Бүгінгі шекxadараxadлық шеңберді тарихи таным өресімен «бұзып» көрсеңіз, түркілік ұлы өркениет аясының Азия-Алтай асқарлары мен далаларын аттап, алыс құрлықтарға дейінгі ауқымды қамтитындығына қанығар едіңіз.
Ежелгі балбал тастағы таңбалар, мәңгіxadтастардағы сына жазулар мен ел аузынxadдаxadғы аңыз-әфсаналар әлемі осыны меңxadзейді. Осынау құндылықтардың бел ортасында тағы да Тараз – Талас, Шу – Меркі өңірлері алыстан менмұндалайды. Тарихи томдар тарауларынан ойып тұрып орын алxadған Талас жазуы, Қаратау сілемдерін қуаxadлаған ежелгі қоныстар шоғыры, Қарасай-Мойнақ петроглифтері, Меркіxa0 – Жайсаң жауxadһарлары түркі өркениетінің түп-тамырымен біте қайнасқан құндылықтар екендігін сезінесіз. Бүгінгі ұрпақ парызы – осынау құндылықтардың қуат-күшін, кескін-келбетін бүгінгі ұрпаққа рухани ұлағат ретінде ұсыxadнып, болашақ ұрпаққа Ата аманаты санатында табыстау, әлем жұртына түрен тимеген тың жаңалық ретінде жеткізе білу болса керек.
Енді міне, оның да орынды орайы келіп тұр. Ол орай – әлемдік қоғамдастықтың, ең алдымен инженерлік ақыл-ойының жеxadтісxadтіктерін әлем талқысына салатын, Тәуелсіз Қазақ елінің төрінде тұңғыш рет ашылып, әлемнің әр түкпірінен келетін 5 милxadлион адамды асыға күтіп отырған сарабдал іс-шара – ЭКСПО-2017 көрмесімен байланысты. 2015 жылдың қазан айында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі қарсаңындағы қарбалас жұxadмыстардың нәтижесінде ежелгі Тараз тағы да бір түледі, 2100 жылдық тарихы бар ежелгі қаламыздың ажарына ажар қосар игілікxadті істер атқарылды. Сәулетті ғимарат-құрыxadлымxadдар – «Ежелгі Тараз» музейі, тамашалау-шолу мұнарасы, Достық үйі бой көтерді, кешенді археологиялық зерттеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, еліміздің тарихындағы тұңғыш ашық аспан астындағы музей ашылды. Қазба жұмыстарының нәтиxadжесінде табылған ежелгі жәдігерлерді музей сөресіне орналастыру жұмыстары жақын мерзімде аяқталып, мәңгілік мұралардың көпшілік көзайымына айналар сәтіне де санаулы күндер қалды. Амандық болса, келер жылы әлем жұртына өз есігін Қазақ елінде айқара ашатын ЭКСПО-2017 көрмесінің қонақтары, көрме аясында өтетін арнайы бағдарламаға енгізілген Тараз бағыты бойынша киелі мекенімізге атбасын бұрмақ.
Әлемнің әр түкпірінен келген қонақтар тарихи мұраларға тұнып тұрған өлкеміздегі «Ежелгі Тараз», «Айша бибі», «Қарахан», «Текxadтұрмас», «Ақыртас» нысандарының кез келxadген қонаққа жасқанбай көрсетуге татырxadлық келбетін тамашалап, олардың деңгейі биік тарихымен танысатын болады. Ол үшін арнайы бағдарлама жасадық, кәдесый өнімдерін шығару, тіл мамандарын іріктеу жұмыстарын да қолға алып жатырмыз. Сонымен бірге, қорық-музей мамандарынан жасақталған топ ЭКСПО-2017 көрмесі қонақтарына арналған арнайы көрме жасақтап, Астана қаласына іссапармен барады, олар бір ай бойы қөрменің мәдени іс-шараларға арналған арнайы залында «Шырағдандар шеруі» атты көлемді экспозиция құрып, көрме қонақтарына қызмет көрсетеді. Онда Тараз тарихына арналған бейнефильм көрсетіліп, Әулиеата – Тараз топырағында мәңгілік мекенін тапқан киелі жәдігерлер жайында түсірілген фото-бейне өнімдері көрсетіледі. Арнайы көрменің негізгі арқауы – Тараз жерінде әр жылдары жүргізілген археологиялық, ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде табылған, біздің ата-бабаларымыздың өткен ғұмырынан, олардың ұлттық-ұлыстық мәдени-рухани деңгейі мен шеберлік мектептерінен хабар беретін жәдігерлерден тұратын болады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, ЭКСПО- xad2017 көрмесінің Ежелгі Тараз мәдени-туxadрисxadxadтік бағытының ауқымы Жамбыл облысыxadның, ең алдымен, тарихи-рухани, мәдени-әлеуxadметтік мүмкіндіктерін кеңінен қамтып, өлкеxadмізде туристік кластердің дамуына игі ықпал ететіндігіне сеніміміз мол. Яғни, іс-шараxadның жауапкершілік деңгейі биік те мәртебелі.
xa0Алмас МҰХТАРОВ,
МСМ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» ТМҚМ бөлімі басшысы
Егемен Қазақстан. – 2016. – 9 қыркүйек. – 8 б.
xa0
xa0