Тараздың теңге сарайы

Тараздың теңге сарайы

 15 қараша — Валюта күні. Төл теңгеміздің шығу тарихы да тым ертеде жатыр. Ал көне шаһар Тараздағы алғашқы монеталар 1002 жылдары шыға бастаған. 

 Бүгінгі күндері Тараздың тіршілігіне зер салсаңыз, күннен- күнге түрленіп, әртүрлі ғимараттар бой көтеріп, ауқымы кеңейіп бара жатқанын аңғарасыз. Елдігімізді айқындайтын Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі жоғары деңгейде өткеніне халық куә. «Болар істің басына, жақсы келер қасына» дегендей, көптеген игі істерді жұрт болып жұмылып, атсалысқан жайсаң жандарға Тараз тұрғындары дән риза.

Жамбыл облысының құрылған уақытынан бастап қазірге дейін басқарып келген басшылары туралы мәліметтерден көзі қарақты кісілер хабардар болуы мүмкін. Ал біз бүгінгі  мақалада осы тарихи қаламыздың аймағында осыдан мың жыл (1000) бұрын кімдер билік жүргізді, олардың басқарған уақыты мен есімі жазылған монеталар туралы ғылыми деректерге назар аудармақпыз.

В. В. Бартольд, А. Н. Бернштам, Т. Н. Сенигова, Г. И. Пацевич сияқты белгілі ғалымдардың Қазақ хандығы тұсындағы XV ғасырда Ежелгі Тараз туралы жинақтаған зерттеулері мен ғылыми жаңалықтарын халыққа жариялап жеткізу — осы салада жүрген біздердің қызметтік міндетіміз. Көне жазба деректер Тараз қаласы маңында ме- кендеген сақ-үйсін кезеңінен бастап қыпшақ-қазақ кезеніне дейінгі ежелгі тұрғындардың мәдени тарихын. халықтың этникалық саяси дамуының жүйелілігін көрсетеді. Кеңес үкіметі тұсындағы М. Е. Массон, А. Н. Бернштам, қазақ ғалымы Ә. Х. Марғұлан, К. А. Акишев, К. М. Байпаков, тағы басқа авторлардың Талас аңғары мен Жетісудын ежелгі аумақтары туралы бірқатар еңбектері бар.

 Батыс Түрік мемлекеті құрамына қосылу кезінде  Тараз тек Талас өңірінде ғана емес, бүкіл Жетісуда да ірі экономикалық орталықтардың бірі ретінде

танымал болған. Бұған  дәлел — Түркеш қаганының атауы бар көптеген тиындардын табылуы. Сондай-ақ  калада парсы және араб тілінде сөйлеген әртүрлі елдерден келген көпестердің сауда-саттық жасағаны туралы деректер де кездеседі. Қарахандар билігі кезінде де Тараз бұрынғыша еш өзгеріссіз ірі сауда мен саяси орталығы болып қала берді. М. Е. Массон, О. И. Смирнов, А. Н. Бернштам, М. А. Бубнов, А. К. Марков, М. Н. Федоров, О. Прицак зерттеген деректердегі монеталар Тараздағы теңге сарайында 1002 — 1173 жылдар аралығында жоғарғы және бағынышты билеушілердің атынан шығарылып келгендігін айғақтайды. Мысалы, мұнда 1004 — 1005 жылдары Мұхаммад ибн Алидың бауыры Илек Насрдың атынан монеталар шығарылған. Сосын 1006-1007 жылдары Тараз қаласы оның басқа інісі Наср Ахмад ибн Алидың билігіне өтеді, 1008-1009 жылдары Наср қайтыс болғаннан кейін Таразда қайтадан Мұхаммед ибн Алидың атынан монеталар шығарылған. Бұл уақыттарда олардың үлкен ағасы Туған-хан Жетісудың билеушісі болатын. Ахмад Мұхаммадтың қазасынан кейін билік лауазымын Арслан-хан қабылдап, ол 1024-1025 жылдары мемлекетті басқарды, бұған Тараздан табылған соның атынан шығарылған монеталар куә бола алады. 1013-1025 жылдары Тараз, Бұқара, Шаш, Самарқандтың бағынышты билеушісі болған оның кіші інісі Мансур ибн Алидың атынан шыққан монеталар да бар. 1026-1027 жылдары Жетісудағы Туған-ханнан Түркістанның билеушісі Кадыр-хан Юсуф ығысып шығады.

Қадыр-хан қайтыс болғаннан кейін (1032 ж.) Түркістан мен Жетісуды оның үлкен ұлы Арслан-ханның лауазымын қабылдаған Сүлеймен болатын. Екінші ұлы  Яған-тегін Мұхаммед Боғра-ханның лауазымын қабылдап, Талас пен Испиджабта билік жүргізді, одан кейін Шашта билік орнатты. 1039-1053 жылдары Таразда оның атынан монеталар соғылып шығарылған. Содан кейінгі кезеңде Яған-тегін билік басына келген уақытта Тараз қаласы үлкен сауда орталығына айналды, ал билеушінің өзі болса, Қараханид мемлекетінің билігін қолға алуға ұмтылды. 1056 жылы басталған соғыста үлкен ағасы Арслан-ханмен бірге 15 айдан аса уақыт Тараз қаласын Қараханид мемлекетінің астанасы ретінде ұстап тұрды. Көмбеден шыққан теңгелер Яған-тегін өмірінің соңғы жылдары Таразда 1030-1075 жж. Халифа әл — Қаймның атынан монета шығарғандығын көрсетеді. Яған-тегін қайтыс болғаннан кейін Жетісу жері оның баласы Ибрагимнің иелігіне өтіп, кейіннен 1059-1075 жылдары Тоғрұл Қара-хан Юсуф билігіне көшті. Тараз қаласына 1074-1075 жылдары Тамғач-хакан Хасан ион Сүлеймен билік басына келіп өз атынан теңге басып шығарған және 1069-1070 жылдары «Құтадғу біліг» атты поэма соған арналып жазылған болатын. 1076-1077 жылдары Тогрұл өмірден өткеннен соң, қалада оның баласы Қара-тегіннің атынан теңге шығарыла бастады, одан кейін 1094  жылға дейін 20 жыл бойы Халиф әл-Қаймның орнына келген Халиф әл-Муктади Боғра-ханның атынан монеталар шығып отырды. Мұхаммед Боғра-ханның немересі Омар Қадыр-хан Джибраил Самарқанд пен Бұқараны жаулап алғаннан кейін Тараз қаласында 1102 жылға дейін билікте отырды. Б. В. Луниныйдың жариялаған нумизматикалық деректеріне қарасаңыз, Тараз қаласында теңге шығару үрдісі 1173 жылға дейін үздіксіз жалғасып келгендігін дәлелдейді. 1269 жылы Талас өзенінің жағасында өткен Шағатайлардың құрылтайында Талас облысын басқаруды Қайдудың билігіне беру туралы шешім ұйғарылды. Таразда Қайдудың  қолшоқпарлары Бұқа-Темірдің (1272-1291 жж.) және Дуваханның (1291-1306 жж) монеталарының болуы — 30 жылдан аса уақыт қаланың өз алдына тәуелсіз дербес ел болып қалыптасқандығын көрсетеді. 1301 жылы Қайду қайтыс болғаннан кейін Тараз қаласы оның баласы Чапардың қарамағына өтті. Ал 1305 жылы төменгі Талас жерінің билігі Қайдудың үлкен ұлы Шахтың билігінде болып, ол бұл аймаққа сол кездің өзінде-ақ өзінің «Алтын Орда» ордасын орналастырып үлгерген болатын. Екі ағайындылар арасындағы жиі болған қақтығыстардың кесірінен Талас жазығындағы қалалар қайтадан күйреп, тонала бастады. 1307 жылы шағатайлық ханзадалар бұрынғы Қайду мемлекетін талқандап қиратты. «Алтын Ор- даны» жермен-жексен етіп ыдыратып жіберді. 1310-1318 жылдары Есен-Бұға таққа отырған кезде Қайду мемлекетінің көп жерлері Шағатайлардың жері болды.

Тараз қаласында 1311-1312 жылдары қатты металдан (аэнопиграфический) жасалған теңгелердің шығарылуы сол кезеңдерде осы өлкенің тұрғындарының арасында өзара алауыздық тартыстар болғандығын көрсетеді. Осындай тартыстардың кесірінен керек десеңіз Есен-Бұғаның ордасының өзі тасталқан болған. Ары қарайғы деректерде 1316 жылы Есен-Бұға Тараз қаласына дейін келгендігі айтылады. 1318 жылы Есен-Бұға өмірден өткеннен кейін, билік оның баласы Кебектің қолына өтіп, қалада соның атынан теңге (монета) шығарылды. 1326 жылы Кебектің өлімінен кейін, Тараз қаласын оның інісі Тармашырын басқарды. 1326-1334 жылдар аралығында соның атынан теңге басып шығарылып отырылған.

Әл-Омаридің (1348 жылы қайтыс болған) Мауераннахр мен Алмалыққа дейінгі бағытты сипаттаған кезінде Тараз қаласын Түркістан облысының аумағында негізі қаланған Янги деп көрсетеді, бұл екі қала бір-бірінен 1 фарсах ара қашықтықта орналасқан деп жазады. 1434 жылы Жетісу билігі шағатай ұлысының мұрагер ұрпағы Есен-Бұғаның қарамағына өтеді. Соның кезінде Шу-Талас өзенінің солтүстік- шығысында Керей мен Жәнібектің басшылығымен 200 000-ға жуық қазақтар қоныстанған болатын. Мұхаммед Хайдар XVI ғасырдың 20-шы жылдары Талас жазығындағы қалалар туралы былай деп жазады: «Янгы — бұл Моғолстандағы белгілі мекен, Мауераннахрда Янгыдан келген көптеген кісілер бар, олардың барлығын Янгылын деп атайды. Янгы деп аталатын алқап белдеуінде көптеген қалалардың. мұнаралар мен медреселердін орындары бар, солардын ішіндегі өзге қалалардан бөлек Янгы қаласы жақсы сақталып қалған. Янгы деп отырған қаламыз-Тараз қаласының «моңғолша» атауы болуы әбден мүмкін» деп жазады.

Бертін келе 1512 жылы Талас пен Сайрам жерінде қазақтың Қасым ханы билік құрды. Мұхаммед Хайдардың мәліметінше, қазақ халқының саны сол кездері миллионға (I 000 000) жуық,  ал Қасым ханда 300 000-ға дейін жауынгер болған. 1537 жылы Убайдаллах- Шейбанид қазақтар туралы «қаптаған үлкен жауынгерлер тобымен Сайрам өзенінің жағасына жылжып келеді» деп сипаттаған. Ал 1755 жылы Жетісуда өзінің бұрынғы 1815-1858 жылдары Талас жазығынын барлық жері Қоқан хандығының билігіне өте бастады. Кейінірек Тараздың маңында монументалды архитектуралық құрылыстар салынып, төбесінде күмбезі бар шығыс түріндегі моншалар, күрделі суландыру жүйесі жолға қойыла бастады. Мысалы, 1856 жылы Исламды насихаттаушылар XII ғасырда салынған Қарахан кесенесі туралы аңыздарды пайдалана отырып, керемет ескерткіштің орнына ішінде баспалдағы және екі мұнарасы, күмбезі бар жаңа кесене тұрғызды. Бұл жаңа кесене «Әулие-ата» деген ежелгі атауын сақтап қалды, кейіннен қала осы атаумен аталды. 1864 жылғы 4 маусымдағы Патша Үкіметінің әскерлері жаулап алғаннан кейін Әулие-ата қаласы Сырдария облысының уездік қаласы ретінде бірікті. 1938 жылы қазақтың ұлы ақыны Жамбылдың атымен Джамбул аталды. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда ҚР Президенті Жарлығымен ежелгі аты қайтарылып, Тараз аталды. Осы келтірілген тарихи деректер мен ғылыми дәйектер Тараздың терең тарихын танытып, мазмұндылығын анықтауға өлшем бола алады.

    Нұрхат Серікбаев,

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет,

мұрағаттар және құжаттама басқармасының

«Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына

келтіру дирекциясы» КММ директорының орынбасары

                                                                                                                                                                                                Жамбыл — Тараз. — 2015. — 11 қараша(№46). — 5 бет.