Тараз қалалық ардагерлер кеңесі және Абай атындағы орталық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Республика Президенті Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік — бәрінен кымбат» атты мақаласы аясында «Тәуелсіздік — Мәңгілік ел мұраты» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл айтулы шараға қатысқан қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана қызметкерлері, Тараз сервис және технология колледжінің білімгерлері ой бөлісіп, пікір алмасты.
Бас қосуды Абай атындағы орталық кітапхана директорының орынбасары Назым Мұхамбетиярова жүргізіп, Мемлекет басшысының мақаласына қысқаша шолу жасады.
Мақалада біздің еліміздің тәуелсіз 30 жылына тарихи шолумен қоса, байыпты баға беріліп, парасатты пайым жасалған. Еліміз бен жеріміздің тұтастығын қалай сақтап қаламыз? Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін қайтсек көтереміз? Президентіміз өз мақаласында осы және бұдан басқа да сұрақтар төңірегінде ой толғап: «Отыз — жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?”, «Мемлекетімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдардың толғандыратынын атап өтті.
Еңбек ардагерлері Мақұлбек Жанәлиев, Қанымкүл Бейсембаева, Сауранбек Жамалбеков, Ескермес Жантенов және облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сайлаухан Ашанов өз сөздерінде Тәуелсіздік — ұлттың бағы, Қазақ үшін бәрінен де қымбат ұғым болатындығын. Президенттің мазмұнды да сындарлы мақаласында айтылған елдік, ұлттық, мемлекеттік мәселелер іске асуы үшін жас ұрпак- тың тарихи санасын қалыптастыру жағына жете мән беру керектігі жайында әңгіме өрбітті.
Ал, «Жамбыл телеарнасының» редакторы Риналь Рахматулин, Жамбыл электр жүйесі ЖШС «Реле қозғалысы және автоматика» қызметінің басшысы, Тәуелсіздік құрдасы (16 желтоқсан 1991ж.) Еркебұлан Мұқанов Мемлекет басшысы артқан сенімге селкеу түсірмес үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын білдірді.
Басқосу барысында еңбек ардагері Аманқұл Ысқақов Тәуелсіздік туралы толғанысын домбырамен орындаса, қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы жастармен жұмыс жүргізу комисиясының төрағасы Мақұлбек Жанәлиев осы төл мерекеге арнаған жыр жолдарын оқып берді. Сонымен қатар білімгерлер де ән-күймен шашу шашты.
Кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова және Абай атындағы орталық кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева мазмұнды өткен дөңгелек үстелдегі басқосуды қорытындылай келе, Тәуелсіздік — еліміздің түп қазығы, асқан жауапкершілікпен нығайта білу керектігіне ерекше тоқталды. Жиынға белсене қатысқан ардагерлер мен жастарға алғыстарын білдірді.
Алдаберді Мақашев,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Ардагер айнасы. – 2021. – 12 наурыз