Төл тарихтың тарланы (Талас Омарбеков — 70 жас)
Талас Омарбеков 1948 жылы 29 мамырда Жамбыл облысының Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді.xa0Ол орта мектептен соң сол кездегі Абай атындағы ҚазПИ-дің тарих факультетін бітіріп, 1971 жылы Жамбыл облысының Жуалы және Байзақ аудандарында тарих пәнінің оқытушысы, оқу ісінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1972 жылдан бастап жас тарихшы өзі еңбек ететін Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы Чапаев атындағы орта мектепте алғаш рет «Тарих және археология» музейін ұйымдастырды. Бұл музейге езінің кезінде Тараз қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгендегі, облыстық музейдің ғылыми қызметкерлерімен бірге жүргізген аудан өңіріндегі ортағасырлық төрткүлдерге, ежелгі Охум қаласына қазба жұмыстарының нәтижелері, олардан табылған археологиялық ескерткіштер, ежелгі түркі тас мүсіндері және т.б. қойылған еді. 1972 жылы ол республикалық баспасөз беттерінде тарихты оқыту әдістемесіне арналған көлемді мақалаларын жариялай бастады. 1977 жылы өзі білім алған Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасына іштей оқу бөліміне түсіп, оны аяқтаған соң осында оқытушылыққа қалдырылды.xa0Алxa01982 жылы ол кандидаттық диссертациясын қорғады.
1991 жылы Компартияның тарауы Т.Омарбеков тәрізді ұлттық мүдде тұрғысынан ойлайтын тарихшылардыңxa0зерттеу жұмыстарына кең жол ашты.xa0ОГПУ-діңxa0құпия мұрағаттарынан алынған құжаттар мен деректерді көптеп жариялауға, қордаланған тарихи тақырыпқа кең құлашпен, тыңxa0тыныспен, зор құлшыныспен мақалалар жазуға толықxa0мүмкіндік туды. Төл тарихтыңxa0ділгір мәселелерін жан-жақты талдаған еңбектері республикалық ақпарат құралдарында дүркін-дүркін жарияланып жатты.
1994 жылы ол академик К.Нұрпейісовтың ғылыми кеңесшілігімен докторлық диссертация қорғады.xa0Диссертациялық жұмыс «Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру» тақырыбына арналды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Т.Омарбеков тел тарихтың 70 жыл бойы қордаланған мәселелерін кетеріп, олқылығын толтыруға білек сыбана кірісті. Осы жылдары ол «Ақиқат» журналының белім меңгерушісі, жаңадан ашылған «Қазақ тарихы» журналының қызметкері, әрі редакциялық алқа мүшесі, «Қазақ әдебиеті» газетінің тарихи тақырыптарға байланысты ғылыми кеңесшісі қызметтерін жоғарғы оқу орындарындағы оқытушылық қызметтерімен қоса атқарды.xa0Бұл кезең зерттеуші ғалымның XX ғасырдың 20-30-жылдарындағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірдегі өзгерістер, кеңестік модернизациялау саясатының ақтаңдақтарын ашып, бұрмаланған тарихи ақиқаттың шымылдығын түрген аса бір белсенді ғылыми жұмысының шоқтығы биік бөлігіне айналды.
Т.Омарбек 1991 жылы бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университетіне қызметке ауысады.xa0Осы кезеңнен бастап ғалым-ұстаздың тағдыры арадағы жеті ай мерзімді есептемегенде (1994 жылдың қазан айынан 1995 жылдың сәуіріне дейін М.Тынышбаев атындағы транспорт және коммуникация академиясында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен тығыз байланыста өрбіп келеді. Алғашында Білім жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі, Тарих факультетінде профессор, ал 2001-2010 жылдар аралығында Қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы кафедрасының, ал 2011 жылдан университеттегі үш кафедраны қосып жасалған Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Танымал тарихшының ғылыми-шығармашылық қызметінің жаңа бір белесі қазақ халқының этникалық тарихын зерттеу мәселелерімен байланысты болды.xa02005 жылы жеке демеушілердің қолдауымен «Алаш» тарихи-зерттеу орталығын ұйымдастырып, оның директоры қызметін атқарды. Осы орталықтан Т.Омарбековтің жетекшілігімен және авторлықxa0қатысуымен «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» жобасы бойынша 30 томнан тұратын монографиялық еңбектер жарық көрді. Республикалық «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша да ғалымның жетекшілігімен және авторлығымен «Қазақтың этникалық тарихы» ғылыми жобасы негізінде 9 томнан тұратын еңбектер баспадан шықты. Осы бағыттағы ғылыми зерттеулерxa0жалғасын тауып, «Қазақ түркілерінің этникалық тарихы (б.з.б. I мыңжылдық -xa0б.з. ІХxa0ғасыры)», «Қазақxa0түркілерініңxa0шығу тегі» (ІХ-ХІҮ ғғ.) атты жеке монографиялары баспадан шықты.
Т.Омарбекұлыныңxa0ғылыми-зерттеу жұмыстарыныңxa0келесі кезеңі көшпелілер өркениетініңxa0мәселелерін зерттеугеxa0ұласты. Ол 2013 жылы Елбасының «Халық — тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыңxa0жанынан «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылыми-зерттеу орталығын»xa0құрып, директоры әрі ғылыми жетекшісі ретінде тыңxa0бағыттағы тарихи зерттеулерді жүзеге асыруға кірісті. 2013 жылдан өз жұмысын бастаған бұл орталық профессор Т.Омарбековтің жетекшілігімен Орталық Азиядағы дәстүрлі мәдениеттерді зерттеудіңxa0методологиялық мәселелері; көшпелілердіңxa0далалық им-перияларының тарихы; қазақ халқының этногенезі; Орталық Азия көшпелілерінің көшпелі емес, көрші халықтармен қарым-қатынастары тарихы; Дешті-Қыпшақтағы дәстүрлі қоғамныңxa0әлеуметтік және этно-мәдени құрылымына байланысты бес ірі ғылыми бағытта жұмыс атқарды.
Профессор Т.Омарбековтің тікелей бастамасымен ғылыми жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңінде мәселеніңxa0теориялық-методологиялық жақтарын зерттеуxa0қолға алынды.xa0Қазіргі отандықxa0және шетелдік гуманитарлық ғылыми әдебиеттердегі Орталық Азияның көшпелі халықтарының дәстүрлі өркениетінің тарихын зерттеуді көздеген талдаулар жасалды. Мұндайда Орталық Азиядағы тайпалар мен болашақxa0қазақ халқын құраған әрбір қазақ тайпаларының этникалық, әлеуметтік-саяси және мәдени байланыстарын зерттеуге, осы аймақтағы көшпелілерxa0қауымдастығының этно-территориясыныңxa0тарихы мен халықтардыңxa0дәстүрлі шаруашылық жүргізу түрлерінің ежелгі дәуірден бастап, кейінгі ғасырларға дейінгі ағымдары мен бағыттарын талдауға баса назар аударылды.
Орталықтың айқын жетістігі — Т.Омарбековтіңxa0тікелейxa0ұйымдастыруымен әрі ғылыми жетекшілігі, авторлығымен жарияланған 4 томдық монографиялық зерттеу және «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» оқулығы.xa0«Орталық Азияның көшпелілер өркениетініңxa0тарихы» деп аталатын зерттеудің жалпы көлемі 80 баспа табаққа жуық. Ал 4 кітаптан тұратын, ҚР БҒМ бекіткен «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» деген оқулық университет студенттеріне арналған. Бұлар шын мәнінде Қазақстанның тарих ғылымында бұрын-соңды жазылмаған, жаңа, көлемді де іргелі еңбектер.
Бүгінгі таңда да үнемі ізденіс пен шығармашылық шабыт үстінде жүретін ғалым-ұстаз «Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің республикалық ғылым-зерттеу орталығының» директоры ретінде халықаралық және республикалық деңгейдегі зерттеу жобаларына қатысып, жаңа ғылыми еңбектердің көшбасынан көрінуде.
Академик Т.Омарбековтің бүгінгі таңдағы жарияланған тарихи және тарихи-танымдық еңбектерінің жалпы саны 500-ге жуық.xa0Ғылыми еңбектері алыс және жақын шет елдерде өткен халықаралық конференцияларда баяндалып, материалдар жинақтарында және жоғарғы импакт факторлы беделді шет елдік басылымдарда жариялануда.
Т.Омарбековтің ғылыми-педагог кадрлар дайындаудағыxa0еңбегіxa0деxa0бірxa0төбе.xa0Оның 1997-99 жылдары ҚазҰУ жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беретін диссертациялық кеңестің алғашқы төрағасы болғаны белгілі. Сондай-ақ, оның өзінің тікелей ғылыми жетекшілігімен 31 ғылым кандидаты, 7 ғылым докторы, 3 РҺD дайындалды. 2007 жылы ҚР Білім және ғылыми министрлігінің «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері атанды.xa02009 жылы Елбасының шешімімен «Құрмет» орденімен марапатталды. 2008 жылы Байзақ ауданының «Құрметті азаматы» атағына ие болды. 2011 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігініңxa0арнайы «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі берілді.
Бүгінгі таңда мерейлі жетпіс жастыңxa0белесіне жетіп отырған белгіліxa0ғалым, ардақтыxa0ұстаз Талас Омарбекұлына зор денсаулық, отбасына амандық, мол ырыс пен берекелі бірлік тілейміз! Төл тарихтыңxa0тарланы атанған ағамыздың келешекте мерейі тасып, мей-манасы асып,xa0ғылыми-шығармашылық табыстары молая берсін!xa0
Меңдігүл НОҒАЙБАЕВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетінің деканы,
Әбділдабек САЛЫҚБАЙ,
жазушы, Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас жүлдесінің иегері.xa0
Қазақстан тарихы. – 2018. — №4. – 2-3 б.
xa0
xa0