Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың — туғанына 190 жыл (1835-1865).

Ш.Уәлиханов — қазақ ғылымы тарихындағы тұңғыш кәсіби энциклопедист ғалым, қазақ мәдениетін әлемге ашқан саяхатшы, шығыстанушы. Оның қазақтардың тарихы, этнографиясы, фольклоры саласындағы экспедициялары мен зерттеулерінің ғылыми құндылығы өте зор. Өмірінің қысқа болғанына қарамастан ғылымға елеулі үлес қосты.