Ұлттық дәстүрді дәріптеу

Халқымыздың рухани байлығын игеруге, ұлттық озық дәстүрінен үлгі алуға баулу, халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт — дәстүрлерін дәріптеу мақсатында «Орталықтандырылған көпшілік кіткапханалар жүйесінің филиалы Ғ. Мұратбаев кітапханасының қызметкерлері №35 орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Анаға тағзым» орталығында «Салт-дәстүрлеріміздің қыз тәрбиесіндегі рөлі» тақырыбында іс-шара өткізді.

Іс-шара салт – дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы жүргізуші Гүлжан Бошаеваның ақпарат беруімен басталып, қазақтың салты құдалықтың жөн-жоралғыларын дәріптейтін «Қыз айттыру» және «Сырға салу» салтынан көрініс көрсетумен ұласты.

Көріністе қазақтың құда түсу салты кеңінен дәріптеліп, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғылар көрсетілді. Сонымен қатар «Ата салтым — асыл мұрам» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылып, ондағы кітаптарға кітапханашы Бағира Бұлтанқұлова библиографиялық шолу жасап өтті.

Іс-шарамыз кітапхана меңгерушісі Жанагүл Тоқмырзақызы салт-дәстүр туралы жастарға айтқан сөзімен аяқталып, ән шашумен ұласты

Арай. – 2023. – 15 ақпан