Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай атындағы орталық кітапханасы оқырмандарға халқымыздың ұлттық салт-дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру мақсатында «Кітап және отбасы» жобасы аясында «Анаға тағзым» орталығында «Ұлттық салт-дәстүр – халқымыздың рухани өзегі» атты салт-дәстүр сағатын өткізді.
