«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат»атты виртуалды кітап көрмесі – соғыс жылдарындағы ерлік пен қайсарлықтың шежіресі.
Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Бұл – тек тарихи күн ғана емес, халқымыздың қайсар рухын, батырлығын және жеңіске деген жігерін еске алатын маңызды сәт. Осы уақыт аралығында ұрпақтар жаңарып, заман өзгерсе де, майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Бүгін біз сіздердің назарларыңызға сол зұлмат жылдардың шежіресін баяндайтын, жауынгерлердің өмірі мен жеңіске жету жолын көрсететін арнайы виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Мұнда ардагерлердің естеліктері, соғыс жылдарындағы хаттар, тарихи зерттеулер мен көркем шығармалар топтастырылған.
Осы көрме арқылы біз бейбітшіліктің бағасын түсініп, ерлік пен қайсарлықтың мәңгілік екенін еске аламыз. Ерлік – ұмытылмайды, тарих – өшпейді! Ұлы Отан соғысы – адамзат тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Бұл соғыс халқымыздың қайсар рухын, батырлығын, ел үшін жанын пида еткен боздақтардың ерлігін паш етті. Қазақстан жауынгерлері майдан даласында ғана емес, тылда да жанқиярлықпен еңбек етті. Осы көрме қазақ жазушыларының соғыс тақырыбындағы шығармаларын қамтиды. Сондай-ақ, Жамбыл облысынан шыққан Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы бірнеше тарихи кітаптар мен зерттеулер қойылды.
Елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кітапханалар мен мәдениет мекемелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.