Жәдігер

Жәдігер

xa0 xa0 xa0Өткен күндерден сыр шертетін жазбаxadларға қараxadғанда, Әулие ата жерінде алxadғаш рет музей 1931 жылы Қарахан кесеxadнеxadсінің қасынxadдағы молаға тиіп тұрған шаxadғын үйден ашылған екен. Талай көне жәдіxadгерxadлерді төріне жинаған бұл ескі үй талай тарихxadты бастан өткеріп, соғыс жылдары есігіxadнің алдында бір күзетшіден басқа қызметxadкері де болмапты. Бүгінде Жамбыл облысxadтық тарихи-өлкетану музейінің өз алдына зәулім ғимараты бар. Және әр бөлxadмесі, әр бұрышы, әр сөресі көне жәдіxadгерлерxadге тола бұл ғимаxadратқа келушілер қатары көп.

««Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана таxadбасың!» деп орта ғасыр ақыны Фирдоуси жырлағандай шынында көне қаланың бойжеткендері шетінен сұлу болғанына күмәніміз жоқ. Мына бір биші қыздың мүсіні Х-ХІІ ғасырларда қоладан құйылыпты. Бұл жәдігер 1964 жылдың 13 тамызында орталық стадионxadның маңынан 1,5 метр тереңдіктен табылған.

Ал киіз үй пішіндес шырақ пен тізерлеп отырған кісінің (Х-ХІІІ ғасыр) мүсіні, үш аяқты шам мен бүйіріне Құран аяттары жазылған жазуы бар құмыра да сол жылдары орталық базардың орнынан қазып алыныпты.

Бүгінде көне қала орнында қазба жұмыстары қолға алынған. Археологтар Тараз қаласының әр кезеңіне жататын жәдігерлер, оның ішінде алтын, күміс, мыстан жасалған әшекей бұйымдар сияқты құнды жәдігерлерді топырақ астынан аршып алды. Тіпті біршама жақсы сақталған ортағасырлық ыдыс қоймасы да табылды. Бұл табылған жәдігерлерден көшпенділердің қолтаңxadбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын тауып, көне шаһардың тіршілігінен сыр шертетін дүниелер көптеп табылатынына сенім мол.

Оралхан ДӘУІТ

Егемен Қазақстан. – 2017. – 23 қантарxa0


xa0
xa0