Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы

     Құрметті оқырмандар!

      Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтатын бірегей институт. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған бұл ұйым бүгінде елдің бейбітшілігі мен тұтастығын сақтауда маңызды рөл атқарып келеді.

Өткен 30 жыл ішінде Ассамблея этносаралық қарым-қатынасты нығайтып, барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін дамытуға, қоғамдағы бірлікті бекемдеуге үлкен үлес қосты. Бұл құрылым Қазақстанның бейбітшілік пен келісім саясатының басты тіректерінің бірі болып табылады.

Ассамблеяның арқасында елімізде 100-ден астам этнос пен 18-ден астам конфессия өкілдері өз мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін еркін дамыта алатын орта қалыптасты. Ұйым тек этносаралық келісімнің сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, ел азаматтарының біртұтас қазақстандық халық ретінде қалыптасуына ықпал етуде.

30 жыл — бұл достық пен сенімге, келісім мен өзара құрметке негізделген жемісті жол! Алдағы уақытта да Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік іргетасы болып қала береді.

Сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған иллюстрацияланған, өңірдегі этностардың бірлігі мен татулығын нығайтуға бағытталған маңызды іс-шараларды, тарихи оқиғаларды және мәдениетті дамытуға қосқан үлестерін қамтитын Қазақстан халықтарының Ассамблеясының 30 жылдығына орай  «Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы» атты кітабын ұсынамыз.

     Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы [Мәтін] = Ассамблея народа Казахстана Жамбылской области = Тhe Assembly of People of Kazakhstan Jambyl region : [фотокітап] / бас ред. В. Титенев. — Алматы : Тау-Кайнар, 2020. — 256 б.

Кітап көпэтносты қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгілерін көрсетіп, Жамбыл өңіріндегі халықтар достығы мен келісімінің айқын көрінісін баяндайды. Кең аудиторияға арналған бұл басылым қызықты деректермен, тарихи мәліметтермен және көркем фотосуреттермен толықтырылған. Кітап үш тілде жазылған.

Бұл кітап оқырмандарға Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтаудағы рөлін түсінуге, оның аймақтық деңгейдегі маңызды бастамаларымен танысуға мүмкіндік береді.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.