«ЖАРҚЫРА, ЖАЙНА – НАУРЫЗЫМ»
Абай атындағы орталық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Жарқыра, жайна – Наурызым» атты этнографиялық кеш өткізілді.xa0 Кітапхана оқырмандарына Наурыз мерекесінің маңыздылығы туралы түсініктер беріліп, қазақ халқының ең маңызды ғұрыптарының бірі – тұсау кесу рәсімі өткізілді. Сонымен бірге, оқырмандар арасында асық ойнатылып, қол күрестен жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Кітапхана қызметкерлеріxa0 «Нұр тарайды Наурыздан» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты кітабынаxa0 библоиографиялық шолу жасалды.