xa0 xa0 xa0 xa0 Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов – XIX ғасырдың екінші жартысында xa0қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің алғашқы және талантты өкілдерінің бірі. Қазақтың әр алуан ғылым көкжиегінде өшпес із қалдырған мәңгі жарық жұлдыздар шыңында қазақ ұлтының абзал перзенті Шоқан Уәлиханов бар. Оның философия, этнография, тарих, экономика, фольклор, әдебиет теориясы жайлы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері ұлттың тұтас құндылығына бағалауға тұрарлық шығармалар. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған.
xa0 xa0 xa0 xa0ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш. Уәлихановтың орны жайында академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.
xa0 xa0 xa0 Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Ш. Уәлихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды.
Биыл Ш. Уәлихановтың туғанына 180 жыл толып отыр.xa0xa0Осы атаулы датаға орай оқырмандар назарынаxa0«Жарық жұлдыз»xa0атты виртуалды кітап көрмесі ұсынылып отыр. Кітап көрмесіндеxa0xa0ғалымның шығармалары, ол туралы жазылған әдебиеттер көрсетілген.